Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Респубикасының Заңдарына сәйкес, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДЫ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалддыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай - ақ оқу орынддарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, 2008 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айлларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы осы құрамда бекітілсін: Серік Назымбекұлы Назымбеков - Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Нүркен Сайфиддинұлы Көбжанов - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Комиссия мүшелері: Гайдар Игітайұлы Нұрмағамбетов - Ауданның ішкі істер бөлімі бастығының қызметтер жөніндегі орынбасары, (келісім бойынша); Елена Владимировна Голикова - «Аудандық медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының дәрігер - терапевті (бұдан әрі -«АМБ» КМҚК), медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша); Светлана Александровна Тимащук - «АМБ», КМҚК медбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Тармақ 3
3. Ауданның қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің (бұдан әрі ҚІБ) бастығы Серік Назымбекұлы Назымбеков (келісім бойынша) Осакаров ауданының ҚІБ шақыру учаскесінде 2008 жылғы сәуір- маусым және қазан –желтоқсан айларында әскери қызметке шақыруды өткізсін.
Тармақ 4
4. Сырқатқа немесе басқа да себептерге байланысты шақыру комиссиясының мүшелері жоқ жағдайда резервтік комиссия құрамы бекітілсін: Бектұрсын Әжібайұлы Оспанов - ҚІБ бастығының орынбасары - жұмылдыру даярлығы мен аумақтық ҚІБ қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы, (келісім бойынша); Нұржан Шәймерденұлы Абильдин - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары; Виктор Олегович Ан - Ауданның ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, тергеу бөлімінің бастығы (келісім бойынша); Иван Павлович Бурхин - «АМБ» КМҚК дәрігер хирургі (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Аудандық шақыру комиссиясының барлық мүшелері азаматтары жедел әскери қызметке шақыру кезеңіне өз міндеттерін атқаруддан жұмыс орындары мен еңбекақысы және атқаратын қызметтері сақтала отырып босатылсын.
Тармақ 6
6. «АМБ» КМҚК директоры Қанат Ерекеұлы Сәдуақасов (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландару өткізуге аудандық шақыру комиссиясының қарамағына қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар дәрігер- мамандарды, сондай -ақ орта маманды медициналық қызметкерллері бөлсін;
Тармақша 2
2) стационарларда аудандық шақыру комиссияның жолдамасы бойынша әскерге шақырылушылардың денсаулығын қосымша тексеруден өткізу үшін резервтік орындар сақталсын;
Тармақша 3
3) барлық әскерге шақырылушыларды кеудде клетканың флюорографиядан, электрокардиограмма және басқа қажетті талдаулардан өткізуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды тексеру үшін электрокардиограммалық таспалары, рентген үлдірлері резервте болсын;
Тармақша 5
5) тістерін емдеуге мұқтаж болған әскерге шақырушылардың ауыз қуысын сауықтыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Кенттер мен селолық округтерінің әкімдері және меншік нысанына қарамастан кәсіпоырндар, ұйымдар мен мекемелер басшыларына міндеттелсін:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылар ауданның ҚІБ шақырылулары туралы хабардар етілсін және олардың уақытылы келуі қамтамасыз етілсін;
Тармақша 2
2) шақырылуға жататын азаматтар іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алынсын, олардың хабарлар етілуі және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуі ұйымддастырылсын, шақыру және медициналық куәландыру кезеңіне жұмыстан еңбекақысы және жұмыс орны сақтала отырып босатылсын;
Тармақша 3
3) төтенше жағдайлар мен апатты жағдайдың алдын алу мақсатында тұрақты тұратын жергілікті жерден (оқудан) шақыру комиссиямына жеткізгенде және қайта қайқанда кенттер мен селолық округі әкімі аппаратының (ұйымдардын) санынан бір маманды жауапты етіп тағайындасын;әскерге шақырылушылармен қызметке жіберу дейінгі 3 күн ішінде толық есеп айырысу өткізілсін, сондай ақ соңғы күнге тиісті төленетін барлық сомалар төленсін.
Тармақ 8
8. Кенттер мен селолық округтер әкімдері қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) барлық әскерге шақырылушыларға дербес шақыру қағазын тапсыруды;
Тармақша 2
2) шақыру учаскесіне техникалық жұмыскерлерді, қызмет ететін қызметкерлер мен автокөліктерді бөлуді;
Тармақша 3
3) керге шақырылушыларды шақыру комиссиясына кәсіпорындар, ұйымдардың көліктерімен жеткізуді;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясына жеткізуде қауіпсіздік шаралары сақтауды; Әскерге шақырылушыларды тасымалдауды кенттер және селолық округтердің әкімі аппараттарының немесе ұйымдар өкілдері, учаскелік полиция инспекторы іскен асырсын.
Тармақ 9
9. Осакаров ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Алпысбай Рахметұлы Жақыпбаев (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) бұрын сотталған, жазасын өтеген, қоғамға қарсы және басқа да қылмыстары үшін тергеудде жүрген әкерге шақырылушылар туралы Осакаров ауданының ҚІБ жөнінддегі бөліміне ақпарат берсін;
Тармақша 2
2) Ауданның ҚІБ әскерге шақырылушыларды іздестіру және шақыру учаскесінде тәртіп сақтау үшін ауданның ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тізімін ұсынсын;
Тармақша 3
3) әскерге шақырудан жалтарған азаматтарды іздестіру оларды ұстау және шақыру учаскесіне әкелуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскерге шақырыллушыға шақыру парағы тапсырылмаған жағдайда олардың шақыру пунктіне келуіді қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат аудан әкімінің аппаратына 2008 жылдың 10 шілдесі және 2009 жылдың 10 қантарына дейін ұсынылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімі орынбасары Нүркен Сайфидддинұлы Көбжановқа жүктелсін.
Тармақ 12
12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледді. КЕЛІСІЛДІ Ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы С.Н. Назымбеков 2008 жыл 16 сәуір КЕЛІСІЛДІ Қарағанды облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры М.З. Шайдаров 2008 жыл 16 сәуір КЕЛІСІЛДІ Ауданның ішкі істер бөлімі бастығы А.Р. Жақыпбаев 2008 жыл 16 сәуір