Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамассыз ету туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына еркек жынысты азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамассыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери кызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 200 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 3631, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жасы үлкен азаматтарды мерзімдік әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Селолар мен селолық округтердің әкімдері:
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушылардың дер кезінде хабардар етілуін және Науырзым ауданының шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды жеткізуді адамдар тасымалдау үшін арнаулы жабдыкталған көліктермен жүргізсін:
Тармақша 3
3) әскери қызметті өтеуге жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Г.Е. Әбенова) (келісім бойынша), «Қостанай облысы білім беру департаментінің № 8 кәсіптік лицейі» мемлекеттік мекемесіне (Ж.М. Шаяхметова) (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласына облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу үшін автобустар бөлу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» (Б.Ә. Бимағамбетова) (келісім бойынша) және «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» (Г.Е. Әбенова) (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелерінің бастықтары аудандық шақыру учаскесіндегі техникалық жұмыстар үшін, жалақыларын және қызмет орындарын сақтай отырып екі қызметкерден бөлсін.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Ғ.С. Көнеков) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) әскерге шақырушыларды аудандық шақыру комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін учаскелік полиция инспекторларын жіберу;
Тармақша 3
3) аудандық шақыру учаскесінде әскерге шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция жасағын бөлу;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру учаскесінен облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін полиция инспекторын бөлү ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау Департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (С.М. Исмағұлова) (келісім бойынша) шақыру кезеңінде:
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдармен, мүліктермен, оның ішінде флюорографиялык пленкалармен және химиялық реактивтермен жабдықтау жөніндегі жұмысты;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды станционарлық тексеру, емдеу үшін аурухана палаталарында он орын бөлуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Меншік нысанына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларына азаматтардың медициналық комиссиядан өтуіне байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатынын ескеру ұсынылсын. Медициналық комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, шакыру кезеңінде медициналық комиссиядан өтуге жататын еркек жынысты азаматтардың жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақталады.
Тармақ 9
9. «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Т. Бөдекенова) (келісім бойынша) әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Аудан әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 125 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-51, 2007 жылғы 2 мамырдағы № 12 аудандық «Науырзым» газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 12
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.
Басқа 22. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Науырзым ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «10» сәуірдегі № 83 қаулысына қосымша Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Негізгі құрамы: Қалмұқан Сейілханұлы Сыздықов - «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Халит Ілиясұлы Едіресов - «Науырзым ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Орал Тумырзаұлы Баймурзин - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Рсалды Жабағықызы Бадығұлова - Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі -«Науырзым АОА» МКҚК) дәрігер-терапевті, медициналық комиссияның төрайымы (келісім бойынша) Базаркүл Жәкісінова - «Науырзым АОА» МКҚК медициналық мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша) Резервтік құрамы: Аян Тәттібайұлы Бозаев - «Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Сертай Шәймерденұлы Шарафиев - ауданы әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Комиссия құрамы: Ғабидолла Сиқымұлы Кунеков - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Сара Маруарқызы Исмағұлова - «Науырзым АОА» МКҚК бас дәрігерінің міндетін атқарушы (келісім бойынша) Гүлжан Бағытжанқызы Ахметжанова - «Науырзым АОА» МКҚК медициналық мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 23. Аудандық шақыру учаскесіндегі техникалық қызметкерлердің жұмыс КЕСТЕСІ
Науырзым ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «10» сәуірдегі № 83 қаулысына қосымша Аудандық шақыру учаскесіндегі техникалық қызметкерлердің жұмыс КЕСТЕСІ № п/п Мемлекеттік мекемелердің атауы Бөлінетін қызметкерлердің саны Шақыру учаскесіндегі жұмыс күндері 1 «Науырзым ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі екі 2008 жылғы 1 сәуірден 2008 жылғы 16 мамыр аралығында 2 «Науырзым ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі екі 2008 жылғы 19 мамырдан 2008 жылғы 30 маусым аралығында