Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылы сәуір - маусымы мен қазан - желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 200 (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 10 сәуірдегі нөмірі 3631 болып тіркелген) қаулысы негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылы сәуір - маусымда және қазан-желтоқсанда жасы он сегізден жиырма жетіге дейін кейінге қалуға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ еркек жынысы азаматтар кезекті әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Айсин Д.С.) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) уакытша жұмысқа техникалық қызметкерлер және жеке көлігі бар жүргізуші қабылдау;
Тармақша 2
2) медициналық комиссияны қажетті медициналық құрал-жабдықтармен, мүлікпен жабдықтау.
Тармақ 4
4. Селолық округтер, селолар, Затобол кенті әкімдері шақыруды өткізу кезеңінде ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне дер кезінде хабарландыру және келуді;
Тармақша 2
2) қосымша медициналық тексеруге жіберілген шақырылушыларды бақылауды.
Тармақ 5
5. «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (Савин Е.Н.) шақыруды өткізу кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) аудандық медициналық комиссияны медициналық мамандар мен орта медициналық қызметкерлермен толықтыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін орындар қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Шақыруды өткізу кезеңіңде «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығына (Дускенов Н.Т.) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды ұстау және іздестіру өзінің қызмет бабы шегінде жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) медициналық және шақыру комиссиясынан өту кезеңіңде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Қостанай ауданының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу.
Тармақ 7
7. «Қостанай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2008 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда кезекті шақыруды жүргізу және ұйымдастыру бойынша іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Қостанай ауданы әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 227 қаулысының күші жойылды деп танылсын нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2007 жылғы 2 мамырда нөмірі 9-14-57 болып тіркелген, аудандық «Көзқарас-Взгляд» газетінде 2007 жылғы 6 маусымда №27 жарияланған).
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч.Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 19. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Әкімдіктің
2008 жылғы 11 сәуірдегі
№ 164 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Айсин Дархан Сұлтанбекұлы - «Қостанай ауданының корғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы,
комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Суинова Әсел Шохатқызы - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының
орынбасары
Жақыпов Марат Жұмағалиұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Малык Татьяна Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көз дәрігері,
медициналык комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Горшкова Светлана Николаевна - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
техникалық қызметкері, медициналық комиссияның хатшысы
(келісім бойынша)
Тортаев Ерлан Боқанұлы - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының
орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Ильминская Вера Яковлевна - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі»
мемлекет мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының
орынбасары
Шахметов Ерболат Амангелдіұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің кадрлық-тәрбие жұмысы жөніндегі бастығының
орынбасары (келісім бойынша)
Карагодина Вера Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік
коммуналдық казыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері,
медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Акмұрзина Күляш Аймұхановна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік
коммуналдық казыналык кәсіпорнының мейірбикесі,
медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)