Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 31-бабының негізінде, Қазақстан Республикасының 2005 жылгы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 1 сәуірдегі 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысы Қарабалық ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери шақыру медициналық комиссиясының жұмысын ұйымдастыру, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер және кент әкімдеріне осы қаулының 1 тармағында көрсетілген азаматтарды әскерге шақыру пунктіне жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қарабалық ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мерзімді әскери қызметті өту үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, баска әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу жөніндегі іс-шаралары ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Қарабалық орталық аудандык ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) аудандық медициналық комиссияларды жетпейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және муліктермен, оның ішінді флюрографиялық пленкалар және химиялық реактивтермен, жинақтау жөніндегі жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы Қарабалық ауланының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бсйынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) екі адам санында техникалық қызметкерлерді әскерге шақырылғандардың жеке істерін ресімдеу жөнінде жұмысына тарту;
Тармақша 2
2) облыстық жиналмалы орнына әскерге шақырушыларды тасымалдауы қамтамасыз етілсін, әскери шақыру кезінде тасымалданғардардың нақты саны туралы тапсырыстар бойынша жүргізілсін.
Тармақ 6
6. "Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыру және командаларды жөнелту кезеңінде ұсынылсын:
Тармақша 1
1) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру және үстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қызмет ету үшін команданы жіберу мерзіміне полицияның наряды бөліп шығарылсын.
Тармақ 7
7. "Қарабалық ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруы әскери қызметке тіркеу және шақыру қамтамасыз етуде қаржыландыру жоспарында қарастырылған қаражат есебінен жүзеге асырылсын.
Тармақ 8
8. Жасалған жұмыс туралы ақпарат 2008 жылдың 6 маусымына және 2009 жылдың 6 қаңтарына аудан әкімінің аппаратына берілсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. А. Кәкімжановқа жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.