О дополнительных мерах по социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылғы халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасында жергілікті мемелкеттік басқару туралы» Заңына және 2001 жылғы 23 қантардағы № 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттарынан шыққан жұмыссыздарды еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтын нысаналы топтарының құрамына енетін тұлғалар тізбесі 1 қосымщаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемелкеттік мекемесі кәсіпорындар, ұйымдар және жеке кәсіпкерлермен келісімшартқа отыру арқылы халықтың нысаналы топтарынан 70 әлеуметтік жұмыс орны қосымшаға сәйкес ұйымдастырсы, оған 2200,0 мың тенге қаржы бөліну қарастырылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы аудан әкімдігінің қаулысы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақова міндеттелсін.
Басқа 6. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
«21» 03 № 45 «2008 жылы халықты
еңбекпен қамту саласында азаматтарды
әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша
шаралар туралы» қаулысымен бекітілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаулық
Осы Ереже халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды еңбекке орталастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдармен (меншік нысанына қарамастан) негізгі есеп айырысу жүйесі мен шарттарын реттеп отырады.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақша 1
1) Әлеуметтік жұмыс орны – бұл еңбекпен қамту мәселесі жөнінде жұмысқа қабылданғандар еңбегіне жұмыс берушінің шығындарының бір бөлінген жергілікті бюджет есебінен толықтырылатын уәкілетті органда тіркелген халықтың нысаналы тобынан шыққан жұмыссыз адамдарды еңбекке орналастыру үшін жұмыс берушілер құрған немесе ұсынған жұмыс орыны:
Тармақша 2
2) Нысаналы топтар дегеніміз – Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгіленген еңбекке орналасуды қиындық көріп жүрген әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдардың топтары.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнеткерлік және қамсыздандыру актілерінің күші жүреді.
Тармақ 3
3. Жұмысысздардың әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілуін қадағалау келісім бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және оған халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды еңбекке орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және оған халықтың нысаналы топтарынан шыққан жұмыссыздарды еңбекке орналастыру тәртібі
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындары халықтын нысаналы топтарынан шыққан жұмыссздар үшін 6 айға дейін мерзімге «Ақтоғай жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесе мен кәсіпорындар, ұйымдар , шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер арасында келісім шарттар бойынша арнайы ұйымдастырылады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік жұмыс орындарын халықтын нысаналы топтарына жататынжұмыссыздарды еңбекке орналастыру үшін жұмысқа қабылданғандарды еңбегіне ақы төлеудің бір бөлігін аудан бюджеті қаржысынан төлеу шартымен кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер ұсынады.
Тармақ 6
6. Кәсіпорындарды тандап алу кезінде әлеуметтік жұмыс орынына қабылданған жұмыссыздарды алдағы уақытта тұрақты еңбекке орналастыру кепілдігі кәсіпорындар мен ұжымдарға таңдау басымдылығы беріледі.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған қызметкерлердің санын жұмыс беруші тағайындайды, ол Қазақстан Республикасы нормативті – құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздерді, жұмыс берушілермен жергілікті бюджет қаржысы.
Тармақ 9
9. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру жергілікті бюджеттен 010 «Еңбекпен қамту бағдарламасының» 103 «Халықты еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бағдарламасы бойынша іске асырылады.
Тармақ 10
10. Еңбекпен қамту мәселесі бойынша уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орынына қабылданған жұмыс беруші мен қызметкер жалақысының бір бөлігін аудан бюджеті қаржысы есебінен жабу жөнінде келісім шарт жасайды.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастыру және қаржыландыру тіртібіне бақылау жасау
4. Әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастыру және қаржыландыру тіртібіне бақылау жасау
Тармақ 11
11. Әлеуметтік жұмыс орынын ұйымдастыру мен қаржыландыру Ережелерінің сақталуына бақылауды мемлекеттік органдар заңнамада белгіленген тәртіппен іске асырады.
Басқа 23. Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
«21» 03 № 45 «2008 халықты
еңбекпен қамту саласында
азаматтарды әлеуметтік қорғау
жөніндегі қосымша шаралар туралы»
қаулысына 1 қосымша
Ақтоғай ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарының тізбесі
Тармақ 1
1. Табысы аз адамдар
Тармақ 2
2. 21 жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 3
3. Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар.
Тармақ 4
4. Кәмілетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты көп балалы ата-аналар.
Тармақ 5
5. Отбасында Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен анықталған тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды азаматтар.
Тармақ 6
6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған).
Тармақ 7
7. Мүгедектер.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
Тармақ 9
9. Бас бостандығынан айыру және мәжбурлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
Тармақ 10
10. Оралмандар.
Тармақ 11
11. 50 жастан асқандар.
Тармақ 12
12. Отбасында бірде-бір жұмыс істейтін адамды жоқ жұмыссыздар.
Тармақ 13
13. Ұзақ емделуді қажет ететін ауруға шалдыққандары бар отбасы мүшелері.
Тармақ 14
14. Көп балалы отбасылардың жұмыссыз ата-аналары.
Тармақ 15
15. Жалғызбасты және жалғыз тұратын жұмассыздар.
Тармақ 16
16. Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері.
Басқа 40. 2008 жылға арналған Ақтоғай ауданы боынша әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастыру кестесі
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
«21» 03 № 45 «2008 халықты
еңбекпен қамту саласында
азаматтарды әлеуметтік қорғау
жөніндегі қосымша шаралар
туралы» қаулысына 2 қосымша
2008 жылға арналған Ақтоғай ауданы боынша әлеуметтік жұмыс орындарына еңбекке орналастыру кестесі
№ р/р
Селолық округтер атаулары
Жұмысқа
орналас-
тыры-лады
Айлар бойыншасы
қантар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
Мау
сым
шілде
тамыз
Қыр
күйек
қазан
қараша
желтоқсан
1
Ақтоғай
с/о
15
7
8
2
Әуелбек
с/о
2
2
3
Барлыбай
с/о
6
4
2
4
Басқамыс
с/о
5
Жалаулы
с/о
6
Жолболды
с/о
3
3
7
Қараоба
с/о
2
2
8
Қожамжар
с/о
12
5
7
9
Мүткенов
с/о
6
6
10
Приречен
с/о
2
2
11
Разумов
с/о
2
2
12
Харков
с/о
20
10
10
13
Шолақсор
с/о
Аудан бойынша
70
26
44