Об организации и финансировании профессиональной подготовки, переподготовки и повышения квалификации безработных в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және 2001 жылғы 23 қантардағы № 149- II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, жұмыссыздардың еңбек нарығындағы бәсекелестікке төтеп беру қабілетін арттыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыссыздар санатынан 5 адамды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға жіберсін және осы мақсатқа аудандық бюджетте қарастырылған 500,0 мың тенге қаржыны игерсін.
Тармақ 2
2. «Ақтоғай ауданының экономика және жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандық бюджеттің аумағында бекітілегн қаржы есебінен мекемесі аудандық бюджеттің аумағында бекітілген қаржы есебінен жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жұмыстарының ауқытылы қаржыландырылуын және 2008 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау кезінде осы қаулының 1 тармағында көрсетілген болжамның орындалуын қамтамасыз етуге қосымша қаржы бөлуді қарастырсын.
Тармақ 3
3. Осы аудан әкімдігінің қаулысы алғаш ресми жариаланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Ысқаковаға міндеттелсін.