2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18,23  44-баптарын және облыстық әкімияттың 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 82 «2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Атырау облысы аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ауданның шақыру күнiне дейін 18 жасқа толатын 1990 жылы туған және әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, шақырылу күніне дейін 27 жасқа толмаған 1981-1990 жылы аралығында туған азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке шақырылсын.
Тармақ 2
2. Жастарды әскери қызметке шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссия құрамына әскер қатарына шақырылушылардың тұрмыстық-денсаулық жағдайына толық талдау жасау ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдеріне:
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірге ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тұрғылықты орнынан аудандық шақыру пунктіне дейін және облыстық жинақтаушы пункттен кері қарай - тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жолдамасы мен медицина мекемелерінде қосымша тексеруден өткізіп әкелуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) Тұщықұдық, Исатай, Забурын, Новобогат, Жанбай, Нарын селолық округiндегi әскерге шақыртушыларды 10-шы сәуір мен 11 тамыздан бастап алдын ала медициналық байқауға және аудандық медициналық комиссиясына жеке автокөлiкпен тасымалдауды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Аудандық емхана әкімшілігіне (М.Жамалова - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) аудандық дәрiгерлiк комиссия құрамына тиiстi дайындығы бар, тәжiрибелi маман дәрiгерлер мен орта бiлiмдi медицина қызметкерлерiн бөлу (2-қосымша);
Тармақша 2
2) әскерге шақырушылардың комиссияға келген күнінен бастап қанының тобын, резус–факторын, жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгісі вирусын анықтау, кеуде органдарын рентгенологиялық (флюрографиялық) зерттеу, электрокардиограмма, бруцеллезге қарсы тексеру жөнiндегi жұмыстарға бақылау жасау;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74-III "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 21 бабына сәйкес анализдер тапсырту, және флюрографиядан, медициналық байқаудан өткiзу жұмыстарын жүргiзу ұсынылсын (3,4-қосымша).
Тармақ 6
6. Ауданның мекемелері мен кәсiпорындар басшыларына (келісім бойынша) 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан–желтоқсан айларында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге техникалық қызметкерлер бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Әскер қатарына шақырылушы жастарды облыстық медициналық байқау комиссиясына, командаларға белгiленген шақырушыларды облыстық жиын пунктiне тасымалдау үшiн аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Н. Бозбалиев – келісім бойынша) жеке көлiк иелерiмен шарт жасасу ұсынылсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлiмiне (Е. Алмағанбетов) 2008 жылға бекiтiлген бюджетке сәйкес азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Аудандық iшкi iстер бөлiмiне (Б. Қапаров - келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шакыру кезiнде қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бiрге шақыру пункттерiнде қогамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) белгіленген мерзімде әскерге шақыру комиссиясына келмеген адамдарды жедел iздестiру, сонымен бiрге әскери қызметтен бой тасалау әрекеттерiне тосқауыл қойып, қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткiзу;
Тармақша 3
3) командаларды көлiкке отырғызып, жүргiзiп жiберу, сонымен бiрге шақырушылар колоннасын (шақырушылар санына қарамастан) жол полициясының қатысымен жүргiзу ұсынылсын.
Тармақ 10
10. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Өтеғалиевке жүктелсін.
Тармақ 11
11. Қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы: Н. Бозбалиев Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы: Б. Қапаров Аудандық емхананың бас дәрігері: М. Жамалова "Жайықмұнай" Мұнайгаз өндіру басқармасының бастығы Ә. Әбілханов
Басқа 21
Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 59 қаулысына 1-қосымша Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы:
Тармақ 1
1. Бозбалиев Нұрасбек Рахатұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Жанарыстанов Ғаллем - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақ 3
3. Дюсешова Гулсара Жаңбырбайқызы - комиссия хатшысы; Комиссия мүшелері:
Тармақ 4
4. Бижанова Роза Сембіқызы - аға дәрігері
Тармақ 5
5. Хисметуллин Ақан Ғалламұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Басқа 27
Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 59 қаулысына 2-қосымша Аудандық дәрігерлік комиссия құрамы:
Тармақ 1
1. Абдығали Рашадин - Хирург
Тармақ 2
2. Балтабек Наталья - ЭКГ техник
Тармақ 3
3. Бижанова Роза - аға дәрігер
Тармақ 4
4. Бөлекбаева Роза - жүйке, тамыр ауруының дәрігері
Тармақ 5
5. Дюсалиева Бағила - тіс дәрігері
Тармақ 6
6. Елеусизова Рая - ЭКГ дәрігері
Тармақ 7
7. Исақұлов Қайрат, Бөлекбаева Роза - психиатр
Тармақ 8
8. Қабделова Гулбаршын - терапевт
Тармақ 9
9. Қадыралиева Айымгул - көз дәрігері
Тармақ 10
10. Қуандықов Алексей - рентгенолог
Тармақ 11
11. Мұханова Рая, Сахипова Хадиша - фтизиатр
Тармақ 12
12. Сугіралиева Халима - қан тобын айырушы
Тармақ 13
13. Төлегенова Нина - мұрын, құлақ, тамақ ауруларының дәрігері
Тармақ 14
14. Емші бике - 4 (төрт) адам
Басқа 42
Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 59 қаулысына 3-қосымша 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскер қатарына шақырылғандардың флюрография мен анализдер тапсыру кестесі № Селолық округтер Өтетін күндері 10.04.08 11.04.08 14.04.08 15.04.08 16. 04.08 17. 04.08 18.04.08 11.08.08 18.08.08 19.08.08 20.08.08-21.08.08 22.08.08 25.08.08 1 Аққыстау с/о х 2 Тұщықұдық с/о х 3 Новобогат х 4 Жанбай х 5 Нарын х 6 Забурын х 7 Исатай х Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада.
Басқа 43
Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 59 қаулысына 4-қосымша Медициналық комиссияның өту кестесі № Се­ло­лық округ­тер Өтетін күндері 21.04.08 22.04.08 23.04.08 24.04.08 25.04.08 28.04.08 29.04.08 Ко­сым­ша күн­дер 3.09.08 4.09.08 5.09.08 8.09.08 9.09.08 10.09.08 11.09.08 30.04.08.13,14, 20,21,05,08.27. 28.05.08.12.15. 16.09.22.23.24. 09.2.3.10.08.15. 06.10.08.14.20. 26.11.08. 1 Ақ­қы­стау Х 2 Тұ­щы­құ­дық Х 3 Но­во­бо­гат Х 4 Жан­бай Х 5 На­рын Х 6 За­бу­рын Х 7 Ис­а­тай Х
Басқа 44
Аудандық әкімияттың 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 59 қаулысына 5-қосымша Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мекемелер арқылы бөлінетін техникалық қызметкерлердің тізімі № Кә­сі­по­рын, ме­ке­ме­лер ата­уы Саны Бө­лі­ну кү­ні 1 Жай­ық­мұ­най–газ өн­ді­ру бас­қар­ма­сы 1 14.04.2008 ж. -14.07.2008ж. 2 Аудан­дық бі­лім бө­лі­мі 1 14.04.2008 ж. -14.07.2008ж. 3 Аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі 1 14.04.2008 ж. -14.07.2008ж.