Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 200 қаулысын (мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі нөмірі 3631) орындауда Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери кызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері мыналарды жасасын:
Тармақша 1
1) «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсеткен мерзімінде әскерге шақырылушылардың құлақтандыруын, медициналық және шақыру комиссияны өту үшін олардың уақытында жетуін, сондай-ақ әскери қызмет өткеру үшін олардың жөнелтуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) әскери қызмет өткеру үшін жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. «Қарасу орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына (келісім бойынша), «Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Денсаулық сақтау департаментінің «Октябрь ауылдық учаскелік ауруханасы» (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына аудандық медициналық комиссияларын дәрігер-мамандармен, медициналық құралдар және мүліктермен, оның ішінде флюоропленкалар мен химиялық реактивтермен жиынтықтылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруы ұсыныс етілсін.
Тармақ 5
5. Шақыруды сапалы және ұйымдастырылған түрде өткізу үшін мемлекеттік мекемелер қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлерді берсін.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Қарасу ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) шақыруды өткізу және командаларды жөнелту кезеңінде мыналарды жасауға ұсыныс етілсін:
Тармақша 1
1) өз шеңберінің шегінде әскери қызметтен жалтарып жүргендерді іздестіру мен ұстауды жүргізсін;
Тармақша 2
2) шақыру пунктерінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қалпында сақтау үшін полиция нарядын бөлсін;
Тармақша 3
3) әскерге шақырылушыларды «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жөнелткен кезде қоғамдық тәртіпті қалпында сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Құлақтандыру, шақыруды өткізу, медициналық куәландыру және әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру пунктіне, облыстық жиын пунктіне жеткізу жөніндегі іс-шараларды орындалуымен байланысты шығыстар қарастырылған қаржы бөлімдердің шеңберінде аудандық бюджеттің қаражаттар есебінен өткізілсін.
Тармақ 8
8. «Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлімдер есебінен шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Бекеновке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 16. Шақыру кезеңінде техникалык жұмыскерлерді беретін мекемелер мен ұйымдардың тізімі
Әкімдіктің
2008 жылғы 14 сәуірдегі
№ 53 қаулысына қосымша
Шақыру кезеңінде техникалык жұмыскерлерді беретін мекемелер мен ұйымдардың тізімі