О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу весной и осенью 2008 года на территории города Курчатова Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Курчатов қаласы аумағында 2008 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы «Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі № 74 Заңының 19-бабы 3- тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери кызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 01 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес 2008 жылдың көктемі мен күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы түрде шақыруды қамтамасыз ету мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін шакыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Қ. С. Балтеков, келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;
Тармақша 3
3) шақыруды өткізу үшін қажетті кұжаттарды әзірлеу.
Тармақ 4
4. «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (Сұлтанов А.Д., келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақырылушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін каланың қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің дәрігерлер мен орта медицина персоналдарының қажет санын бөлу;
Тармақша 4
4) шақырылушылардың уақтылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу.
Тармақ 5
5. Қалалық шақыру комиссиясының мүшесі - дәрігерге (Сейітқалиева М.Т., келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды медициналық куәландыру және медицина персоналының жұмысын «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарындағы әскери- дәрігерлік сараптама Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау Министрінің 2005 жылғы 16 наурыздагы №. 117 және Қазақстан Республикасы Қорганыс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы № 100 бірлескен бұйрығына сәйкес ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) дәрігерлер кеңесін, пікір алмасуларды қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Курчатов қаласы полиция бөлімінің бастығына (Айтқазин Қ. Ж., келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақырылушыларды әскерге аттандыру және қалалық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ескеруімен мерзімді әскери қызметке шақырылудан және әскери есепке тұрудан бас тартатын азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу.
Тармақ 7
7. Қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде аттандыру туралы ұсыныс жасалсын.
Тармақ 8
8. Қаланың қаржы бөлімі (Уағызов А.У.) шақыруды қаланың 2008 жылға арналған бюджетімен белгіленген қаражаттар шегінде қаржыландырсын.
Тармақ 9
9. «Курчатов қаласының аумағында 1980-1989 жылдары туған азаматтарды 2007 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» әкімдіктің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 1681 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылдың 31 мамырында 5-3-40 нөмірімен тіркелген, «Дидар» газетінде 2007 жылдың 07 маусымында № 61, «Рудный Алтай» газетінің 2007 жылдың 09 маусымында № 85 нөмірлерінде жарияланған).
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.
Тармақ 11
11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді. КЕЛІСІЛДІ: Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қ. БАЛТЕКОВ Курчатов қалалық полиция бөлімінің бастығы Қ. АИТҚАЗИН «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын бас дәрігері А. СҰЛТАНОВ
Басқа 23. Шақыру комиссиясының құрамы
Курчатов қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «06» мамырдағы № 295- қаулысына 1 -қосымша Шақыру комиссиясының құрамы Комиссия төрағасы: Балтеков Қанихан Сайлауұлы - қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы (келісім бойынша) Төрағаның орынбасары: Старенкова Елена Васильевна - кала әкімінің орынбасары Комиссия мүшелері: Азмағанбетов Бауыржан Серікқалиұлы - полиция бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Сейітқалиева Мейрамгүл Темірханқызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жасөспірімдер дәрігері (келісім бойынша) Комиссия хатшысы: Маралова Қарлығаш Амангелдіқызы - «Курчатов қаласының қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі (келісім бойынша) Курчатов қаласы әкім аппараты басшысының міндетін атқарушы Б. ӘШІРОВА
Басқа 24. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру кестесі
Курчатов қаласы әкімдігінің 2008 жылығы «06» мамырдағы № 295 қаулысымен бекітілген Курчатов қаласы әкімдігінің 2008 жылгы «06» мамырдағы № 295 қаулысына 2-қосымша Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру кестесі № Жасөспірімдер санаты Барлығы Жасөспірімдердің күндер бойынша саны 2008 жыл 1. Жұмыс істейтіндер 20 20 2. Жұмыс істемейтіндер 10 10 3. Барлығы 30 30 Курчатов қаласы әкім аппараты басшысының міндетін атқарушы Б. ӘШІРОВА