Қолданыстағы ред. 04.03.2008

2008 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы от 04.03.2008 г. № 41 (2008 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтарды анықтау туралы)

0

2008 жылға Түпқараған ауданы
бойынша жұмыс таңдау мен
жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
үшін нысаналы топтарды анықтау
туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 23.01.2001 жылғы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 23.01.2001 жылғы Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №1114 «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылға Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтар қосымшаға сәйкес анықталсын, Жалғанды:/Қосымша/

2

2. Шаруашылық субьектілерінің басшыларына нысаналы топқа жататын жұмыссыз адамдарды Түпқараған аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жолдамаларымен жұмысқа қабылдауға ұсыныс жасалсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Жарылғапова жүктелсін.

4

4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Аудандық экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімі басшысы
_____С.Қани
«04»03.2008 жыл
Аудандық жұмыспен қамту және
мемлекеттік бағдарламалар
бөлімінің бастағы
_____Шүкірбаева Д.С.
«04»03.2008 жыл

5

Түпқараған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 03.04.
№ 41 қаулысына қосымша
2008 жылғы Түпқараған ауданы бойынша жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін нысаналы топтар.

Нысаналы топтардың атауы
Адамдар саны
1
Табысы аз адамдар
10
2
21 жасқа дейін жастар
15
3
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар
3
4
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз, көп балалы ата-аналар
11
5
Қазақстан Республикасы Заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар
2
6
Зейнеткерлік жастың алдындағы адамдар ( жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған)
2
7
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар
-
8
Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар
2
9
Оралмандар
5
10
Бірде бір жұмыс жасайтын адамы жоқ отбасылардың жұмыссыз адамдар
3
11
Ұзақ уақыты (бір жылдан астам ) жұмысы жоқ адамдар
3
12
Мүгедектер (жалпы есебінен 3 пайыздық мөлшерде мүгедектерге жұмыс орнының квотасы белгіленеді)
2
13
Барлық Түпқараған ауданы бойынша 2008 жылы жұмысқа орналасатындардың саны
63