О предоставлении дотации на воду, используемую для полива огородов отдельным категориям граждан, являющимися собственниками частных домов, на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жеке меншік үйлерінің иесі болып табылатын азаматтардың жекеленген санаттарына бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға 2008 жылға жәрдемқаржы беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылгы 21 желтоқсандагы (VI шақырылған VI сессия) «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» 29/4 шешіміне сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік әлжуаз тобын қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бау-бақшалы жеке меншік үйлерінің иесі болып табылатын зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектерге жәрдемқаржы алу құқығы белгіленсін. Саяжай учаскесі және бау-бақшалы жеке меншік үйі бар зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер тек бір ғана жәрдемқаржының түріне құқылы. Екі және одан да көп бау-бақшалы жеке меншік үйлері бар зейнеткерлер мен барлық топтағы мүгедектер тек бір ғана бау-бақшалы жеке меншік үй бойынша жәрдемқаржы алуға қүқылы.
Тармақ 2
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) бау-бақшаларын суару үшін пайдаланатын суға суаратын су құнының 50 % мөлшерінде жәрдемқаржы берсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген азаматтар жәрдемқаржы алу үшін қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келу қажет.
Тармақ 4
4. «Екібастүз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі ақшалай қаржыны зейнеткерлердің және барлық топтағы мүгедектердің «Қазпошта» ЛҚ-дағы немесе II деңгейдегі банктердегі дербес есеп шоттарына аударсын.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру қаланың 2008 жылга арналған жылдық бюджетінің шеңберінде жүзеге асырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Қүрмановаға жүктелсін.