Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республнкасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1сәуірдегі № 563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы негізінде, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 200 «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, басқа әскерлеріне, әскери құрылымдарына 2008 жылдың сәуір-маусымында, қазан- желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді үйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысын орындау үшін Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қалалық шақыру комиссиясының қүрамы бекітілсін (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Шақыру комиссиясының жүмысы үйымдастырылсын және шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға қүқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың сәуір- маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Ауыл және ауылдық округтер әкімдері шақырылушыларды әскери қызметке жіберу үшін барлық қажетті құжаттарымен шақыру және медициналық комиссияларға жеткізуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. «Арқалық қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыру учаскесінің жұмысы 2008 жылғы сәуірден маусымға, қазаннан желтоқсанға дейінгі шақыруды ұйымдастыру кезеңіне оқу орындарынан техниқалық қызметкерлерді болсін (2-қосымша).
Тармақ 5
5. Шақыру участкесіне жұмысқа жіберілген шақыру комиссиясы мүшелері мен техникалық қызметкерлер және қызмет көрсететін түлғалар үшін, осы азаматтарды жіберген ұйымдарға еңбек ақысы, жұмыс орны және атқаратын лауазымы сақталатыны еске алынсын.
Тармақ 6
6. Арқалық қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскери міндеттілікті өтеуден жалтарып жүрген азаматтарды өз құзыры шегінде іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) қалалық шақыру пунктінде шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкерлерінің кезекшілігін үйымдастырсын;
Тармақша 3
3) шақырылушыларды Арқалық қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен Қостанай қаласының жинақтау пунктіне жіберу кезінде Арқалық қаласы станциясында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) әскер қатарына шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізуге Аркалық қаласынан Қостанай қаласына апарып, алып келу үшін полиция қызметкерін болсін.
Тармақ 7
7. «Арқалық қаласының қаржы болімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыру және әскерге жөнелтуді ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс- шараларды 2008 жылғы бюджетте қарастырылған қаржы шегінде жүзеге асырсын.
Тармақ 8
8. Атқарылған жүмыстар туралы ақпарат қала әкімінің аппаратына 2008 жылғы 2 шілдеге дейін, 2009 жьілдың 4 қаңтарына дейін берілсін.
Тармақ 9
9. Арқалық қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 234 «Қазакстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың мамыр-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді үйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», мемлекеттік тіркелу нөмірі 9-3-62, «Арқалық хабары» газетінің 2007 жылғы 25 мамырдағы 21 (146)-нөмірінде жарияланған, 2007 жылғы 13 тамыздағы № 415 «Арқалық қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 234 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2007 жылдың мамыр-маусымында, қазан- желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», мемлекеттік тіркелу нөмірі 9-3-67, «Арқалық хабары» газетінің 2007 жылғы 31 тамыздағы 35 (160) нөмірінде жарияланған қаулыларының күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейінгі күнннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау кала әкімінің орынбасары Қ. Шаяхметовқа жүктелсін.