Об утверждении перечня лиц, входящих в целевые группы населения на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
2008 жылға арналған халықтың
нысаналы топтарына кіретін
тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазакстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және Лисаков қаласының халқын әлеуметтік қорғау нысандарын анықтау кезінде бірыңғай тұрғысын әзірлеу мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың қоса беріліп отырған гізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Халықтың нысаналы топтарына кіретін тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" Лисаков қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 1145 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 28 желтоқсанда № 9-4-67 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 52 «Лисаковская новь» ғазетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енғізіледі.
Басқа 5. Халықтың нысаналы топтарына кіретін
тұлғалардың тізбесі
Қала әкімдігінің
2008 жылғы «1» сәуірдегі
№ 506 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарына кіретін
тұлғалардың тізбесі
Халықтың нысаналы топтарына:
табысы аз адамдар;
жиырма тоғыз жасқа деінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарын босатылған адамдар;
оралмандар;
жасы ұлғайған тұлғалар (елу жастан жоғары) жатады.