О предоставлении дотации на поливную воду дачных участков пенсионерам, инвалидам и безработным гражданам на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Саяжай учаскелері бар зейнеткерлерге, мүгедектерге және жұмыссыз азаматтарға саяжай учаскелерін суару суына 2008 жылға жәрдемқаржы беру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (IV шақырылған IV сессия) «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешіміне сәйкес, турғындардың әлеуметтік әлжуаз бөлігін қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1 .«Екібастұз қаласы әкімдігіиің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтін мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов) саяжай учаскелері бар зейнеткерлерге, мүгедектер мен жұмыссыз азаматтарға суару суына жәрдемқаржы (бұдан әрі-Жэрдемқаржы) берсін.
Тармақ 2
2. Келесі санаттағы азаматтардың:
Тармақша 1
1) саяжай учаскесі бар зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) саяжай учаскесі бар барлық топтағы мүгедектер;
Тармақша 3
3) «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген, саяжай учаскесі бар жұмыссыз азаматтар (бүдан әрі-жұмыссыз азаматтар) Жәрдемқаржы алуға құқығы барлығы белгіленсін. Саяжай учаскесі бар және жеке меншік үйінің жанында бау-бақшасы бар зейнеткерлер және барлық топтағы мүгедектер бір ғана жәрдемқаржы түріи алуға құқылы. Екі немесе одан да көп саяжай учаскесі бар зейнеткерлер, барлық топтагы мүгедектер, жұмыссыз азаматтар тек пайдаланып отырған саяжай учаскесІні жәрдемқаржы алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Жәрдемқаржыны алуға үміткер азаматтардың мәртебесін анықтау үшін Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Екібастұз қалалық бөлімшесінен (келісім бойынша) салыстырып тексеру жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 4
4. Жәрдемқаржы суару суы құнының есептік көрсеткішінен 50% мөлшерінде берілсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының 2- тармағында көрсетілген азаматтарға Жәрдемқаржы алу үшін өздерінің саяжай бау-бақшалығына (қоғамының) баруы және мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
Тармақша 1
1) 2008 жылға арналған суару суы құнының 50% төлегені туралы түбіртек көшірмесі;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) әлеуметгік мәртебесін растайтын құжаттын көшірмесі (зейнеткер куәлігінің көшірмесі немесе мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі немесе «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінен жұмыссыздар санатында тіркелгендігі жөнінде анықтама);
Тармақша 4
4) 2008 жылы саяжай учаскесін нақты қолданатыны туралы құжат;
Тармақша 5
5) жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжат;
Тармақ 6
6. Айсайын, 25-не дейін саяжай бау-бақшаларының (қоғамның) басшыларына (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) ақшалай қаржыны «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар бөлімшесіне немесе «Екібастұзсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына төлеуді жүргізу;
Тармақша 2
2) судың ақысын төлеген азаматгардың тізімін (1-қосымша), қажетті құжаттармен қоса Жәрдемқаржыға құқылы азаматтардың өтінішін (2-қосымша) және кассалық кіріс ордерінің көшірмесін немесе «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар бөлімшесіне немесе «Екібастұзсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына төленген төлем тапсырмасының көшірмесін «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсыруы ұсынылсын.
Тармақ 7
7. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов):
Тармақша 1
1) Жәрдемқаржы алушының суару су құнының есептік көрсеткішінен 50%-ын төлеуі бойынша «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар бөлімшесімен (келісім бойынша) немесе «Екібастұзсу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (келісім бойынша) айсайын салыстырып тексеру жүргізсін;
Тармақша 2
2) суару суын нақты қолдануы бойынша айсайын ақшалай қаражатты аударуды қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) құжаттарды 2008 жылдың 1 қарашасына дейін қабылдауды жүргізсін.
Тармақша 8
8) Әлеуметтік төлемдерді қаржыландыру қаланың 2008 жылға арналған жылдық бюджеті аясында жүзеге асырылсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік кун өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.