О возмещении затрат за проезд на общественном пассажирском транспорте по маршруту «Город - дачи» отдельных категорий граждан города Экибастуза на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға Екібастұз қаласы азаматтарының жекеленген санаттарының «Қала-саяжай» бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде жол жүру шығынын өтеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына, Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (IV шақырылган кезекті IV сессия) «Екібастұз каласының 2008 жылга арналган бюджеті туралы» № 29/4 шешіміне сәйкес және қала азаматтарының жекеленген санаттарына «Қала-саяжай» қогамдық жолаушылар көлігінде жол жүру үшін шығындарын өтеу мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қала-саяжай» бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде мына санаттағы азаматтар тегін жүру құқына ие болатыны белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) З-топтағы мүгедектер.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 1- тармағында көрсетілген азаматтар тегін жол жүру құқығын растау үшін кондукторға (бақылаушыға) келесі құжаттарды үсынуы қажет:
Тармақша 1
1) жасына байланысты зейнеткерлер үшін-зейнеткерлік куәлігі;
Тармақша 2
2) 3-топтағы мүгедектер үшін-зейнеткерлік куәлігі.
Тармақ 3
3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» (С.Ә. Арыстанов), «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобилі, жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелері (Л.П. Векшина) «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің Екібастұз орталық диспетчерлік қызметі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (М.М.Мұхамеджанов) және қоғамдық жолаушылар көлігінде "Қала-саяжай" бағыты бойынша тасымалдауды жүзеге асыру конкурсында жеңіп шыққан, әрі жолаушылар көлігінде жолаушыларды тасымалдауды іске асыратын «Нар-Транс» ЖШС-мен (бүдан әрі-Кәсіпорын) бірлесіп, айына бір ет қоғамдық жолаушылар көлігінде жекеленген санаттағы жолаушы азаматтар ағынының мониторингісін жүргізсін.
Тармақ 4
4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Ә. Арыстанов):
Тармақша 1
1) жекеленген санаттағы азаматтарды «Қала-саяжай» бағыты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде тасымалдау бойынша қызмет көрсету туралы кәсіпорынмен келісімшарт жасасын.
Тармақша 2
2) кәсіпорынға ақысыз жол жүру өтемі берілген мониторинг негізінде Кәсіпорынның есеп шотына ақшалай қаражат аудару жолымен шығынын өтеуді жүргізсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланган күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және «Қала-саяжай» бағыты бойынша тасымалдауды іске асыру сәтінен бастап туындайтын құқықтық қатынаста таратылады.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Дычкоға жүктелсін.