Қолданыстағы ред. 29.04.2008

2008 жылдың көктемгі мерзімде азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың уйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы от 29.04.2008 г. № 242 (2008 жылдың көктемгі мерзімде азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың уйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы)

0

2008 жылдың көктемгі мерзімде азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың уйымдастырылуын камтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 Заңының 19 бабы және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 Жарлығының 3- тармағы талаптарын орындау мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру
бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың көктемгі мерзімде мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары «Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.

2

2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1- қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылгандардың қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімге ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және оларды салтанатты жағдайда шығарып салу жөнінде шаралар қабылдасын.

5

5. «Сырдария аудандық емхана» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1

1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын бөлу;

2

2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен камтамасыз ету;

3

3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс кабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.

6

6. «Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырушылардың медициналық куәландырудан өтуі мен әскери бөлімдерге жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардан өз еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.

8

8. Тереңөзек кенті, ауылдық округінің әкімдері, «Жалағаш аудандық корғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Сырдария аудандық емхана» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), «Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қаулыны орындауда атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2008 жылдың 5 шілдесіне аудан әкімдігіне жолдау ұсынылсын.

9

9. «1980-1989 жылдары туылған азаматтарды 2007 жылғы күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» аудан әкімдігінің 2007 жылғы 28 кыркүйектегі №448 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2007 жылғы 19 қазанда №10-8-53 болып тіркелген, «Тіршілік тынысы» газет баспасының 2007 жылғы 31 қазандағы №91 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

10

10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегеноваға жүктелсін.

11

11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
«Келісілді»
Сырдария аудандық емхананың
бас дәрігері
Б.Пржанова
«29» сәуір 2008 жыл
«Келісілді»
Сырдария аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы
Б.Досанов
«29» сәуір 2008 ж
«Келісілді»
Жалағаш ауданының қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығының
орынбасары М.Бекенов
«29» сәуір 2008 жьп

15. Комиссия мүшелері:

2008 жылғы «29» 04 №242
аудан әкімдігінің қаулысына 1 қосымша
Аудандық шакыру комиссиясының құрамы
Бекенов Мирамбек
Жалағаш аудандық Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлім бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Беркінбаев Бибосын
аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрагасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Тоқмағанбетова Ғалия
аудандық аурухананың аяжаны, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Қалдыбеков Ғани
аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Піржанова Бисен
аудандық емхананың бас дәрігері, (келісім бойынша)
Батишева Гүлсара
№35 қазақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
Нәділ Ергешбаев
«Отан» қоғамдық бірлестігінің Сырдария филиалының төрағасы (келісім бойынша).

16

2008 жылғы «29» 04 №242
аудан әкімдігінің қаулысына
2 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ
Р/с
Кент және ауылдық округтер атауы
Шақы-рыл-ғандар саны
Шақырушылар саны және комиссиядан өтетін күндері 2008 жыл
26.05
27.05
28.05
29.05
30.05
02.06
03.06
04.06
05.06
06.06
1
Тереңөзек
41
20
21
2
А.Тоқмаған-бетов
15
15
3
Іңкәрдария
13
13
4
Ақжарма
23
23
5
Шаған
20
20
6
Н.ІЛИЯСОВ
25
25
7
Шіркейлі
23
23
8
Айдарлы
25
25
9
Бесарық
24
24
10
Аманкелді
20
11
Жетікөл
12
12
Қалжан ахун
13
13
13
С.Сейфуллин
15
15
14
Құндызды
16
16
15
Қоғалыкөл
20
20
Барлығы
305
Кестенің жалғасы
Р/с
Кент және ауылдық округтер атауы
Шақырылғандар саны
Шақырушылар саны және комиссиядан өтетін күндері 2008 жыл
09.06
1
Тереңөзек
41
2
А.Тоқмағанбетов
15
3
Іңкәрдария
13
4
Ақжарма
23
5
Шаған
20
6
Н.ІЛИЯСОВ
25
7
Шіркейлі
23
8
Айдарлы
25
9
Бесарық
24
10
Аманкелді
20
20
11
Жетікөл
12
12
12
Қалжан ахун
13
13
С.Сейфуллин
15
14
Құндызды
16
15
Қоғалыкөл
20
Барлығы
305