Об определении оптимальных сроков посевных работ в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылда егілудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңының 5 бабы 3 тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қантардағы № 41 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия төлеу ережесін бекіту туралы» қаулысы және ауыл шаруашылығының Солтүстік-батыстық ғылыми-өндірістік орталығының ұсыныстары негізінде әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Денисов ауданы бойынша егістің басталу мен аяқталудың оңтайлы мерзімдері анықталсын:
Тармақша 1
1) жаздық бидай 2008 жылғы мамырдың 15-нен 30-на дейін;
Тармақша 2
2) жемшөп дақылдары 2008 жылдың 28 мамырдан 5 маусымға дейін;
Тармақша 3
3) майлық және жемазық дақылдар 15 мамырдан 5 маусымға дейін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары А.В. Алексеевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.