Аудан бойынша 2008 жылдары мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша 2008 жылдары мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-2-тармақшасына сәйкес, аудандық әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында осы санаттағы жұмыс жасауға қабілеттері бар адамдарды жұмысқа орналастыру 2008 жылдарға жұмыс орындарының квотасын белгілеу қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қосымшада көрсетілген мекемелерге мүгедектерді жұмысқа орналастыру селолық округ әкімдеріне тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Арыстановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.
Басқа 5
Аудандық әкімиятының 2008 жылғы 28 сәуір № 227 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы Заңының «Мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» атты 31 бабын орындау мақсатында аудан бойынша 2008 жылға мүгедектерге жұмыс орындарының квотасы Мекемелер Орналасқан жері Барлық жұмысшылар саны Соның ішінде Жұмыс жасайтын мүгедектер саны 2008 жылға болжам бойынша мүгедектер үшін ашылатын орын Е.Ағелеуов атындағы орта мектебі Махамбет селосы 102 1 2 Аудандық аурухана Махамбет селосы 105 1 2 Д.Төленов атындағы мектеп гимназиясы Махамбет селосы 106 1 2 О.Шонаев атындағы орта мектебі Махамбет селосы 110 2 1 Қызыл үй орта мектебі Ақжайық селосы 68 - 1 Ақтоғай орта мектебі Ақтоғай селосы 42 - 1 Алмалы орта мектебі Алмалы селосы 102 - 2 Таңдай орта мектебі Бақсай селосы 105 - 1 Қосарал орта мектебі Есбол селосы 68 1 1 Сарайшық орта мектебі Сарайшық селосы 80 - 1 «Балбөбек» балабақшасы Сарытоғай селосы 23 2 2