Қолданыстағы ред. 28.04.2008

Аудан бойынша 2008 жылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы от 28.04.2008 г. № 181 (Аудан бойынша 2008 жылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы)

0

Аудан бойынша 2008 жылы мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабын басшылыққа алып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан бойынша мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында осы санаттағы жұмыс жасауға қабілеттері бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2008 жылға жұмыс орындарын белгілеу квотасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2

2. Мекеме, кәсіпорын, шаруа қожалықтарының басшыларына, жеке кәсіпкерлерге (келісім бойынша) белгіленген квотаның орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары, әкімият мүшесі С.Рахимовке жүктелсін.

4

4. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Келісілді:
Құрманғазы атындағы өндірістік
кооперативінің басқарма төрағасы
Биляшев Харес
«Ақжонас» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің директоры
Шаяхметов Мұқар Қабиболлаұлы
«Арна» ашық акционерлік
қоғамының төрағасы
Нұрғалиев Бауыржан Иғлашұлы
«Каспий таңы» өндірістік
кооперативінің төрағасы
Темиров Бақыт Қарамалаұлы
«Ш.Сулейменов» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің төрағасы
Кенжебаев Біржан Ахонұлы
«Каспий-балық» өндірістік
кооперативінің атқарушы
директоры Шакупов Жұмажан
«Бисембай» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
директоры Жармуханбетов Әлімжан
«АҚСУ-Қиғаш» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
Жұбанышев Сайлау
«Еламан» пәтер иелерінің
кооперативінің төрағасы
Шадатов Қырағы

5

Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«28» сәуір №181 қаулысына
қосымша
Аудан бойынша 2008 жылы мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жұмыс орындарының квотасы
р/с
Мекеме, кәсіпорын, ұйым аттары
Қызметкерлердің орташа тізімдік саны
Мүгедектер саны
1
Құрманғазы атындағы өндірістік кооперативі
106
1
2
«Ақжонас» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
64
1
3
«Арна» ашық акционерлік қоғамы
97
1
4
«Каспий таңы» өндірістік кооперативі
250
1
5
«Ш.Сүлейменов» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
11
1
6
«Каспий-балық» өндірістік кооперативі
604
1
7
«Бисембай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
1
8
«АҚСУ-Қиғаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
25
1
9
«Еламан» пәтер иелерінің кооперативі
8
1
Барлығы:
1132
9