2008 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсанда аудан аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың мамыр-маусым және қазан-желтоқсанда аудан аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабын және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағын 8) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі №353 қаулысының негізінде аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылғы мамыр-маусым және қазан-желтоқсанда аудан аумағындағы шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығын жойған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлермен әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруға басшылық ету және бақылау жасау үшін №1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылуы ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Селолық округ әкімдері, шаруашылық мекеме кәсіпорын басшылары учаскелік емдеу мекемелерінің аға дәрігерлері, шақырушыларды комиссия басталғанға дейін, жергілікті жерден қаннан, сұйық дәреттін құрамын анықтап, аудандық дәрігерлік комиссияға учаскелік аға дәрігерлер емхана кітапшасымен аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен бірігіп шақыру жұмыстарын ұйымдастырып, әскерге шақырушыларда тұрғылықты орнынан аудандық шақырылу пунктіне дейін және облыстық жинақтаушы пунктіне кері қарай тұрғылықты жерден қызмет орнына дейін, сонымен бірге аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінін жолдамасымен медицина мекемелерін қосымша тексеруден өткізіп әкелуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Аудандық емхана бас дәрігері (Қуанов Е. келісім бойынша), аудандық өкпе ауруханасының бас дәрігері (Газизов Б. келісім бойынша):
Тармақша 1
1) шақыру кезінде аудандық медициналық комиссияға білікті дәрігер-мамандарымен, орта медициналық қызметкерлермен жиынтықтап, тиісті пунктін кабинеттерін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру кезіндегі аудандық дәрігерлік комиссиянын құрамы №2 қосымшаға сәйкес бекітілуі;
Тармақша 3
3) әскерге шақырушыларды комиссия басталғанға дейін кеуде органдарын рентгендік, флюрографиялық зерттеу, электрокардиографиялық, қанның жалпы талдауын, мерезге серологиялық реакциялар, несептің жалпы талдау тапсыру жөніндегі жұмыстарға бақылау жасауға 3 қосымшаға сәйкес ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) денсаулық жағдайына байланысты шақырудан кейінгі қалдырылған науқас жасөспірімдермен емдеу-сауықтыру жұмысын жүргізуді, сонымен қатар сырқат шақырушыларды есепке алу және олармен сауықтыру шараларын жүргізу бойынша жасөспірімдер кабинетінен жұмысын ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Аудандық ішкі істер бөлімі (Ө.Сарбасов келісім бойынша):
Тармақша 1
1) азаматтарды әскерге шақыру кезінде аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен (келісім бойынша) бірлесіп іс-әрекет етуді ұйымдастырсын, шақыру пунктерінде тәртіпті қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) әскерге барудан бас тартып жүрген тұлғаларды іздестіру және олардың тұратын жерін анықтау жөніндегі жедел топтарды құру;
Тармақша 3
3) аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімімен келісіп темір жол станциясына әскерге шақырушылар жиналатын және жөнелтілетін орындарға күшейтілген нарядтарды бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөліміне (А.Әмірғалиев) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру (жинау) жұмыстарына аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөліміне сұранысы бойынша техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету шарасын алу тапсырылсын.
Тармақ 7
7. Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (Ғаббасов Х.) шақыру пунктінде көркем өнерпаздар ұжымдарының өнер көрсетуін, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырушыларды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
Тармақ 8
8. Аудандық қаржы бөлімі (З.Карсакова) 2008 жылға арналған бекітілген аудандық бюджетіне сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындардын 4 қосымшаға сәйкес қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары әкімінің орынбасары әкімият мүшесі Ғ.Қалиевке жүктелсін.
Тармақ 10
10. Осы қаулы Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. Келісілді: Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығы Мұратов Есім Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Сарбасов Отенберген Аудандық емхана бас дәрігері Қуанов Еркінбай Аудандық өкпе ауруханасының бас дәрігері Газизов Байтолла Әскери техникалық мектеп Кіші мамандарды жинақтау және алғашқы әскери дайындық бөлімше басшысының көмекшісі Мухамбеталиев Ернар Аудандық ішкі істер бөлім бастығынын орынбасары Қаспанов Жангелды
Басқа 18
Аудан әкімиятының 2008 жылғы «30» сәуір №190 қаулысымен бекітілген 1 қосымша Әскери қызметке шақыру жұмысын орындау үшін аудандық комиссия құрамы Мұратов Есім – Құрманғазы аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы; Қалиев Ғадылхан – аудан әкімінің орынбасары, төрағаның орынбасары; Комиссия мүшелері: Ахметкалиев Озат – аудандық емхананың мамандандырылған бөлімінің меңгерушісі медициналық комиссияның төрағасы; Қаспанов Жангелды – аудандық ішкі істер бөлім бастығының орынбасары; Мухамбеталиев Ернар – Әскери техникалық мектеп кіші мамандарды жинақтау және алғашқы әскери дайындық бөлімше басшысының көмекшісі; Қабиева Гулфара – комиссия хатшысы аудандық емхананың медбикесі;
Басқа 19
Аудан әкімиятының 2008 жылғы «30» сәуір №190 қаулысымен бекітілген 2 қосымша Аудандық дәрігерлік куәландыру комиссия құрамы Ахметкалиев Озат – аға дәрігер Шарапиева Венера – тері дәрігері Джабасова Маржан – терапевт Доскалиев Алпысбай – жүйке-тамыр ауруларының дәрігері Кабулова Аида – көз дәрігері Канатов Бейбіт – рентгенолог Нағуманов Амангелді – фтизиатр Шедреков Гиниятулла – тіс дәрігері Сисеналиева Талан – психиатр-нарколог Нсанов Рахметолла – хирург Харитонов Виктор – отоларинголог Юсупова Нұрлы – кардиолог Кабулова Гулнар – дәрігер-лаборант Зинуллина Үнзила – рентген-лаборант Азербаева Ария – лаборант Тлеугалиева Күляш – санитарка Каримова Маржан – электрокардиограммы медбикесі
Басқа 20
Аудан әкімиятының 2008 жылғы «30» сәуір №190 қаулысымен бекітілген 3 қосымша Флюорографиядан өту, анализдер тапсыру және медициналық комиссиядан өткізу Р/с Селолық округтер Саны Флюорографиядан, анализдерден өткізу күндері Медициналық комиссиядан өткізу күндері 1 Ганюшкин селолық округ 96 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 2 Мақаш аулдық округ 26 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 3 Еңбекші селолық округ 20 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 4 Калинин селолық округ 25 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 5 Нұржау селолық округ 37 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 6 Киров селолық округ 40 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 7 Ақкөл селолық округ 49 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 8 Приморье селолық округ 14 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 9 Бірлік селолық округ 35 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 10 Сафон селолық округ 20 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 11 Кудряшов селолық округ 35 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 12 Байда селолық округ 27 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 13 Шортанбай селолық округ 33 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 14 Көптоғай селолық округ 14 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 15 Дынғызыл селолық округ 27 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 16 Азғыр селолық округ 11 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 17 Сүйіндік селолық округ 20 Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан Мамыр Маусым Қазан Желтоқсан 18 Қосымша күндер 19 Барлығы 529
Басқа 21
Аудан әкімиятының 2008 жылғы «30» сәуір №190 қаулысымен бекітілген 4 қосымша УАЗ-31514 156 ВГ Р/с Айлары Жұмыс күні Жанар-майдын Орташа тәуліктегі нормалық шығыны Бағасы 1 л. Барлық тәуліктегі Барлық айдағы 1 Сәуір 20 20 75 400 30000 2 Мамыр 21 20 75 420 31500 3 Маусым 22 20 75 440 33000 Барлығы 63 60 1260 94500 2008 жылғы көктемгі әскер қатарына шақыру жұмыстары анализдер тапсыру және дәрігерлік байқаудан өткізу үшін, селолық округтерден аудан орталығына дейін автобус-газель автокөлігімен тасымалдауға қажетті жалдаудың шығыны: Селолық округтер Бағасы рейс саны 1.Еңбекші селолық округі 200 200х13=2600х4рейс=10400 2.Мақаш ауылдық округі 300 300х13=3900х4рейс=15600 3.Орлы селолық округі 200 200х13=2600х4рейс=10400 4.Нұржау селолық округі 300 300х13=3900х4рейс=15600 5.Дәшін селолық округі 400 400х13=5200х6рейс=31200 6.Ақкөл селолық округі 500 500х13=6500х8рейс=52000 7.Приморье селолық округі 300 300х13=3900х4рейс=15600 8.Бірлік селолық округі 500 500х13=6500х4рейс=26000 9.Сафон селолық округі 600 600х13=7800х4рейс=31200 10.Кудряшов селолық округі 800 800х13=10400х4рейс=41600 11.Байда селолық округі 800 800х13=10400х4рейс=41600 12.Шортанбай селолық округі 800 800х13=10400х4рейс=41600 13.Дыңғызыл селолық округі 800 800х13=10400х4рейс=41600 14.Барлығы: 374400 Барын және қайтып келу Азғыр с/о 2000х13=26000х2=52000 Барлық автокөлік тасымал шығыны: 520900 (бес жүз жиырма мың тоғыз жүз) теңге