О проведении призыва граждан Республики Казахстанна срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2008 года в Вооруженные силы Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығының 3 тармағын орындау мақсатында кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1981-1990 жылдары туған азаматтарды, бірінші кезекте кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан, жасы үлкен шақырушылардың шақыруы өткізілсін. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына қатаң сәйкестікте берілсін.
Тармақ 2
2. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың жетекшілеріне әскерге шақырушылар медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде, оларды медициналық куәландыру және шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын: Болат Әбдікешұлы Бекмағамбетов - комиссия төрағасы, Балқаш қалалық біріктірілген қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы; Манарбек Айдарқанұлы Жұмақанов - комиссия төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары; Комиссия мүшелері: Өміртай Төлеутайұлы Күлмағамбетов - Қарағанды облысы ішкі істер Департаментінің 4 бөлімі бастығының орынбасары; Қайрат Көбентайұлы Бижанов - медициналық комиссиясының төрағасы, Қарағанды облысы әкімдігі Қарағанды облысы денсаулық сақтау Департаментінің «№ 1 Балқаш қалалық поликлиникасы» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның (әрі қарай «Балқаш Сқаласының № 1 емханасы» КМҚК) директорының емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары; Қорлан Болатқызы Жұмаділова - комиссия хатшысы, «Балқаш қаласының № 1 емханасы» КМҚК медициналық бикесі
Тармақ 4
4. Қарағанды облысының денсаулық сақтау Департаменті Балқаш аймақтық өкілдігіне (М.О. Жанов) (келісім бойынша) шақырушыларды сапалы куәландыру мақсатында:
Тармақша 1
1) медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігер мамандар мен орта медициналық қызметкерлер (қосымшаға сәйкес) бөлінсін;
Тармақша 2
2) шақыру мерзіміне рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын;
Тармақша 3
3) медициналық комиссия бағыттаған әскерге шақырушыларды стационар жағдайында емдеу, сауықтыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Қарағанды облысы ішкі істер Департаментінің 4 бөлімі (С.С. Сейтқұлов) (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) әскерге шақырылушы жастар арасында профилактикалық жұмыс жүргізу белсенділігін арттырсын;
Тармақша 2
2) әскери шақырудың барлық кезеңінде Балқаш қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне шақыру пунктінде, теміржол және авто көліктеріне отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға пәрменді көмек көрсету;
Тармақша 3
3) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздуді, жеткізуді, қажетті жағдайда ұстауды ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Приозерск қаласының каржы бөлімі (Қ.Қ. Қошқаралиев) жалпыға бірдей әскерге шақыру іс шарасын орындауға байланысты, шығындарға қажетті қаражат бөлсін.
Тармақ 7
7. Приозерск қаласының білім беру бөлімінің бас маманы Н.С. Лопухина қала әкімін 2008 жылғы 10 шілдеге қарсы 2008 жылғы көктемгі әскерге шақыру нәтижесі жөнінде, 2009 жылғы 10 қаңтарға қарсы күзгі әскерге шақыру нәтижесі жөнінде хабардар етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Жұмақановқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «К Е Л І С І Л Г Е Н» Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығы ______________ Б. Бекмағамбетов 2008 ж. "22" 05 Қарағанды облысының денсаулық сақтау Департаментінің Балқаш аймақтық өкілеттілігінің бастығы ____________________ М. Жанов 2008 ж. "22" 05 Қарағанды облысы ішкі істер Департаменті 4 бөлімінің бастығы _________________С. Сейтқұлов 2008 ж. "22" 05
Басқа 16
Приозерск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы «20» маусымдағы № 13/1 қаулысына қосымша 1981-1990 жылдары туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы медициналық комиссияның Қ Ұ Р А М Ы № р/р Дәрігер-мамандар Құрамы 1 Медициналық комиссияның төрағасы Қайрат Көбентайұлы Бижанов 2 Комиссия хатшысы Қорлан Болатқызы Жұмадилова 3 Хирург Хамит Бакусұлы Сатымбеков 4 Терапевт Валентина Сергеевна Ушакова 5 Офтальмолог Надежда Жумахметовна Елубаева 6 Отоларинголог Дәрия Қоқашқызы Серікова 7 Невропотолог Тимур Құдайбергенұлы Темірбаев 8 Психиатр Әлима Төреахметқызы Ешниязова 9 Стамотолог Ануарбек Шыныбекұлы Тәбиев 10 Дерматолог Кәмшат Жақсылыққызы Дәкенова