О выплате единовременной материальной помощи на развитие личного подворья малообеспеченным лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін 2008 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік көдексіне сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті IV сессия) «Екібастұз қаласының жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешімін орындауда, аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, әрі ауылдық ауылдық тұрғындарының жеке шаруашылығын дамыту үшін қаражаттың жеткіліксіздігін ескере келіп, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген түлғаларға (отбасыларына) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссия құрамы (бүдан әрі-Комиссия) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтамасыз етілген тұлғалардың
(отбасылардың) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу құқығы белгіленсін.
Тармақ 3
3. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алу
ушін «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келесі кұжаттарды тапсыру қажет:
Тармақша 1
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
Тармақша 2
2) аз қамтамасыз етілген отбасы мәртебесін растайтын анықтама;
Тармақша 3
3) тұрғылықты жерінен және отбасы құрамы туралы анықтама;
Тармақша 4
4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (ксерокөшірме);
Тармақша 5
5) жеке куәлігі (ксерокөшірме);
Тармақша 6
6) «Қазпошта» акционерлік қоғамы пошта бөлімшесіндегі немесе екінші
денгейдегі банктердегі есеп шоты;
Тармақша 7
7) жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек алуға
үміткерлерді іріктеу бойынша ауылдық округ жұртшылығы отырысының
хаттамасы.
Тармақ 4
4. Жеке шаруашылығын дамыту үшін біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалсын.
Тармақ 5
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың 2008 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті
қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынаста таратылады.