Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылға мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-2) тармағын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармағын жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Федоров ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерінде, мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы 133 (жүз отыз үш) орын болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.