Об определении отимальных сроков проведения весенне-полевых работ по видам субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур в 2008 году по Есильскому району Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы Есіл ауданында субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарды мен баска да тауар-материалдық құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесінің 2 бабы 12 тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі № 135 радиограммасымен жіберілген субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының турлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімі жөніндегі ұсынымдары негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес 2008 жылы Есіл ауданында субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының түрлері бойынша көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімі аныкталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінін орынбасары Шұнгұлшин Мұрат Қожахметұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы «08» мамыр № 47 қаулысына қосымша Жер аумағы Аудан Дақыл Көктемгі егісті өткізілетін үтымды мезгіл Дала, Тегістік, Тікенедалалық Есіл Жаздық бидай 16.05-03.06 Арпа - орташа кеш сорттары 15.05-30.05 Арпа - орташа пісіп-жетілетін сорттар 03.06-08.06 Сұлы - орташа кеш сорттары 25.05-30.05 Сұлы - орташа пісіп-жетілетін сорттар 03.06-08.06 Асбұршақ 25.05-30.05 Қарақұмық 20.05-25.05 Тары 28.05 -05.06 Рапс 15.05-20.05