О распределении квоты иммиграции оралманов на 2008 год в Кызылжарском районе Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қызылжар ауданындағы оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы №204-1 Заңына, «Қазақстан Респубикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 Заңының 31-бабы 3-тармағына сәйкес, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 30 желтоқсандағы № 506 Жарлығын, «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 ақпандағы № 137 және облыс әкімдігінің 2008 жылғы 27 нарыздағы №73 «Оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу туралы» Қаулысын іске асыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Оралмандардың 2008 жылға арналған Белгіленген көшіп келу квотасы саны 35 отбасы ауылдық округтер бойынша 1 қосымшаға сәйкес бөлінсін.
Тармақ 2
2. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 3
3. «Аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі мектеп жасындағы оралмандардың балаларын оқыту және оларды интернаттарға орналастыру бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 4
4. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі оралмандарды жұмысқа орналастыру және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселелерін шешсін, қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оларды жаңа мамандықтарға қайта даярлауды және оқытуды ұйымдастырсын
Тармақ 5
5. Селолық округтер әкімдері: оралмандарды жаңа жерлерге орналастыруды ұйымдастырсын, олардың бейімделуі үшін жағдай жасасын; тұрғын үй сатып алуда көмек көрсетсін; оралмандарды жұмысқа орналастыру, оларға жер телімдерін беру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шағын кредиттер алуға жагдай жасау мәселелерін бақылауга алсын.
Тармақ 6
6. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық комиссия оралмандарды қабылдау және орналастыру мәселесі жөніндегі селолық округтер әкімдерінің, аудандық бөлімдер басшыларының ақпараттарын комиссия отырысында мерзімді түрде тындасын.
Тармақ 7
7. «Аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы аудан жұртшылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар етсін, тақырыптық кездесулер мен әңгіме өткізсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т.Абдуллаевқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 10. Қызылжар ауданының селолық округтарына оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 08 мамырдағы № 171 қаулысына 1 қосымша Қызылжар ауданының селолық округтарына оралмандардың 2008 жылға арналған көшіп келу квотасын бөлу № Селолық округтар Көшіп келу квотасы 1 Архангелька 10 2 Асанов 5 3 Бескөл 1 4 Қызылжар 3 5 Куйбышев 2 6 Прибрежный 4 7 Рассвет 5 8 Якорь 1 9 Светлопольск 2 10 Рощинск 1 11 Петерфельд 1 Барлыгы 35
Басқа 11. Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 08 мамырдағы № 171 қаулысына 2 қосымша Оралмандарды қабылдау және орналастыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы Абдоллаев Алтынбек Тағайбекұлы - Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Колесников Сергей Сергеевич - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары Витковская Ольга Николаевна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бастығының орынбасары, комиссия хатшысы Мизамбаев Ержан Ахмадиұлы - Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Бұрмағанов Құрманбек Жумабекұлы - Аудандық емхананың бас дәрігері Поддубная Тамара Дмитриевна - Аудандық оқу бөлімінің бастығы Затаева Светлана Анатольевна - МЗЖТО Қызылжар бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша) Қожахметова Гүлнәр Қалиқанқызы - Әділет басқармасының бастығы Бодуновский Александр Викторович - Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Байбосынов Махмет Тленбайұлы - Архангелька селолық округының әкімі Рұспеков Ғалым Жакыпұлы - Асанов селолық округының әкімі Андреасян Васо Вартанович - Бескөл селолық округының әкімі бос орын - Қызылжар селолық округының әкімі Төлебаев Марат Абдуллаұлы - Куйбышев селолық округының әкімі Сибанов Орынбай Қажанұлы - Прибрежный селолық округының әкімі Блохин Анатолий Иванович - Рассвет селолық округының әкімі Қайсин Абай Қошқарбайұлы - Якорь селолық округының әкімі Тобылбаев Сансызбай Тайшабайұлы - Светлопольск селолық округының әкімі Баукенов Баяхмет Есләмұлы - Рощинск селолық округының әкімі Кәкімов Аманжол Елемесұлы - Петерфельд селолық округының әкімі