Об определении оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур по Аккайынскому району при проведении весенне-полевых работ в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аққайың ауданы бойынша 2008 жылы көктемгі-далалык жұмыстарды жүргізу барысында басымдықты ауыл шаруашылық дақылдарды себудің тиімді мерзімін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31 бабының тармағына, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттырұға, 2008 жылғы көктемгі егіс және еғін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген Ереженің 12 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылы көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізу барысында Аққайың ауданының топырақты егіншілік - далалык, жазыктык, орманды дала аймағында субсидиаланатын дакыл түрлері бойынша басымдықты ауыл шаруашылық дакылдарды себудің тиімді мерзімі анықталсын: жаздық бидай - мамырдың 13-нен маусымның 4-не дейін; арпа, орташа кеш сортты - мамырдың 25-нен маусымның 5-не дейін; арпа, орташа пісетін сортты - мамырдың 30-нан маусымның 10-на дейін; сұлы, орташа кеш сортты - мамырдың 25-нен маусымның 5-не дейін; сұлы, орташа пісетін сортты -мамырдың 30-нан маусымның 10-на дейін; асбұршақ - мамырдың 25-нен маусымның 5-не дейін; қарақұмык - мамырдың 20-нан мамырдың 30-на дейін; тары - мамырдың 28-нен маусымның 10-на дейін; рапс - мамырдың 15-нен мамырдың 25-не дейін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Қазакстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданыска енгізіледі.