Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесін анықтау туралы Қолданыста
Басқа 0
Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен
қамту үшін кәсіпорындардың тізбесін анықтау туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабы , Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 30 , 33-баптарын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 31 бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықталсын (қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаға сотталғандардың еңбегін пайдаланушы
ұйымдардың басшылары орындалған жұмыстардың қаражатын қалалық бюджетке ай сайын аударсын. Орындалған жұмыстардың ақысы ұйымның қолданыстағы бағалары бойынша анықталсын.
Тармақ 3
3. "Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі анықтау туралы" Қостанай қаласы әкімдігнің 2008 жылғы 12 сәуірдегі № 975 қаулысы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ш. Жақыповқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен кейін қолданысқа енеді.
Басқа 6
Қостанай қаласы
әкімдігінің қаулысының
2008 жылғы 29 мамырдағы
№ 1410 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға сотталған тұлғаларды 2008 жылы еңбекпен қамту үшін кәсіпорындардың тізбесі
р/с№
Кәсіпорын атауы
Жұмыс түрлері
1
"Тұрғын үй-эксплуатациялық
қызметі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
аумақты көріктендіру;
жайларды жинау;
арту-түсіру жұмыстары
2
"СТИКС" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
аумақты көріктендіру;
жайларды жинау;
арту-түсіру жұмыстары