Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылда Егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы
«Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңының 5-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылда Қарасу ауданының аумағында өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының мынадай оңтайлы мерзімдері белгіленсін:
Тармақша 1
1) дәнді дақылдар: 17 мамырдан бастап 5 маусымға дейін жаздық бидай, 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін арпа, сұлы, тары, қарақұмық;
Тармақша 2
2) 20 мамырдан бастап 30 мамырға дейін майлы дақылдар.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қарасу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.