2008 жылы Шортанды ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қолданыста
Басқа 0
2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылдың 1 сәуіріндегі Жарлығы негізіңде 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шортанды ауданында мерзімді әскери қызметке және әскерге жіберу 2008 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1990 жылы туған және шақыру мерзімін ұзарту уақыты аяқталған шақыру жасы үлкен азаматтарды шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
Тармақ 3
3. 2008 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі 2 қосымшаға және 2008 жылғы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 4
4. Шақыруды жүргізу уақытына Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - ММ) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 5 адамнан тұратын техникалық қызметкерлерді (келісімі бойынша) бөлсін.
Тармақ 5
5. Селолық (ауылдық) округтер, Шортанды, Жолымбет және Научный кенттерінің әкімдері, ұйымдар басшылары, ауданның оқу бөлімдерінің басшылары шақыру комиссиясына шақырылушылардың келуін және оларды автокөлікпен шақыру пунктіне жетуін, шақыру комиссияларының кестесіне сәйкес облыстық бақылау медициналық комиссиясына, әскерге жіберілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) медициналық куәландыруды жүргізу үшін шақыру пунктін қажетті тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) шақыру комиссиясын қажетті медициналық мүліктер және құралдармен қамтамасыз етсін;
Тармақ 7
7. Ақмола облысының денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды орталық аудандық ауруханасы» ММ (келісімі бойынша) азаматтарды стационарлық тексеруді жүргізу үшін мақсатты тағайындаудағы қажетті төсек санын бөлсін.
Тармақ 8
8. Ақмола облысының ішкі істер Департаментінің «Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығы (келісім бойынша):
Тармақша 1
1) Шортанды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне бұрын сотталған, қылмыстық жазасын өтеп жатқан, қоғамға жат және басқа қылмыстары үшін сот және тергеу жүріп жатқан шақырылушылар туралы хабардар етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына шақырылғандарды шақыру уақытына және әскерге жіберу уақытына шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Шортанды ауданының «Қаржы бөлімі» ММ шақыруды жүргізуді қаржыландыруды 2008 жылға көзделген жергілікті бюджет көлемінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 10
10. Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 10 маусымында №1-18-31 тіркелген, (№22 «Вести» аудандық газетінде 2007 жылғы 16 маусымында және №15 «Өрлеу» газетінде 2007 жылғы 16 маусымында жарияланған) аудан әкімдігінің «Шортанды ауданында 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» 2007 жылғы 31 мамырындағы №А-2/80, Шортанды ауданының әділет басқармасында 2007 жылғы 18 қыркүйегінде № 1-18-38 тіркелген, (№36 «Вести» аудандық газетінде 2007 жылғы 22 қыркүйегінде және №29 «Өрлеу» газетінде 2007 жылғы 22 қыркүйегінде жарияланған) аудан әкімдігінің «Шортанды ауданында 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына өзгертулер енгізу туралы» 2007 жылғы 2 қыркүйегіндегі №А-2/118 қаулылары күшін жойған деп танылсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 9 сәуірінде туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 12
12. Қаулы Шортанды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан өткен соң қолданысқа кіреді.
Тармақ 13
13. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарының міндетін атқарушы Р.Қ.Азденбаеваға жүктелсін.
Басқа 18. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Шортанды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «09» сәуір
№ А-1/65 қаулысына
1 қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Асылбеков Ержан Сансызбайұлы
капитан, Шортанды ауданының қорғаныс істері бөлімінің бастығы, аудандық шақыру комиссиясының төрағасы
Азденбаева Роза Қапезқызы
Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, аудандық шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әшімов Шыңғыс Бауржанұлы
лейтенант, «Ақмола облысы ішкі істер Департаментінің Шортанды ауданының ішкі істер бөлімі» ММ бастығының орынбасары
Иманбаева Райхан Булатқызы
дәрігер-терапевт, Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің «Шортанды аудандық емханасы» МКҚК, медициналық комиссияның төрайымы
Айтымова Зауреш Елеусызқызы
рентген-лаборант, Ақмола облысы денсаулық сақтау департаментінің жанындағы «Шортанды аудандық емханасы» МКҚК, аудандық шақыру комиссиясының хатшысы
Басқа 19. 2008 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Шортанды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «09» сәуір
№ А-1/65 қаулысына
2 қосымша
2008 жылғы сәуір-маусымда азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
№
п/п
Селолық (ауылдық) округтер және кенттердің атауы
Азаматтар саны
Шақыруды өткізу күндері
09 сәуір 2008 жылы
10 сәуір 2008 жылы
11 сәуір 2008 жылы
14 сәуір 2008 жылы
15 сәуір 2008 жылы
16 сәуір 2008 жылы
17 сәуір 2008 жылы
18 сәуір 2008 жылы
05 мамыр 2008 жылы
07 мамыр 2008 жылы
14 мамыр 2008 жылы
21 мамыр 2008 жылы
04 маусым 2008 жылы
18 маусым 2008 жылы
1
Андреевка
15
15
2
Бозайғыр
31
31
3
Дамса
34
34
4
Жолымбет
37
37
5
Казцик
28
28
6
Научный
10
10
7
Новокубанка
30
30
8
Новоселовка
16
16
9
Петровка
25
25
10
Пригородное
20
20
11
Раевка
23
23
12
Шортанды
49
14
13
15
7
қорытынды
318
47
50
46
47
43
37
48
Басқа 20. 2008 жылғы қараша-желтоқсан азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
Шортанды ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «09» сәуір
№ А-1/65 қаулысына
3 қосымша
2008 жылғы қараша-желтоқсан азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кестесі
№
п/п
Селолық (ауылдық) округтер және кенттердің атауы
Азаматтар саны
Шақыруды өткізу күндері
01 қазан 2008 жылы
02 қазан 2008 жылы
03 қазан 2008 жылы
06 қазан 2008 жылы
07 қазан 2008 жылы
08 қазан 2008 жылы
09 қазан 2008 жылы
10 қазан 2008 жылы
13 қазан 2008 жылы
22 қазан 2008 жылы
29 қазан 2008 жылы
05 қараша 2008 жылы
12 қараша 2008 жылы
03 желтоқсан 2008 жылы
17 желтоқсан 2008 жылы
1
Андреевка
19
19
2
Бозайғыр
42
42
3
Дамса
39
39
4
Жолымбет
42
42
5
Казцик
34
34
6
Научный
15
15
7
Новокубанка
38
38
8
Новоселовка
21
21
9
Петровка
25
25
10
Пригородное
29
29
11
Раевка
28
28
12
Шортанды
53
8
10
12
12
11
қорытынды
385
50
46
42
49
48
37
43
50
11