Уәлиханов ауданы бойынша 2008 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
«Түрғындарды жұмысқа орналастыру туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149-ІІ Заңының 7 бабы 5-2 тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 Заңының 31 бабының 1 тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 31 бабы 2 тармақшасына сәйкес және жұмыс берушілердің берген өтініштері негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Уәлиханов ауданы бойынша 2008 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы от 09.06.2008 г. № 108 (Уәлиханов ауданы бойынша 2008 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы)
1. Жұмыс істейтін барлық азаматтар санының 3 пайыздық мөлшерінде мүгедектерді еңбекке орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы анықталсын.
2. Уәлиханов ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру барысында мүгедектер үшін жеке жұмыс орындарын ескерсін.
3. Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарында 2008 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын тағайындау туралы» №244 қаулысының күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Р.Ахметоваға жүктелсін.
5. Осы қаулы оны бірінші ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.