О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Азаматтардын жекелеген категорияларына жеңілдіктер беру мәселері» бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы», «Ұлы отан соғысының мүгедектеріне, қатысқандарына және оларға теңестірілгендерге жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарының негізінде Нұра аудандық Маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» аудандық мекемесі АО «Казпошта»-ның Киевка кентіндегі филиалы арқылы банктік операциялар түрлеріне сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен қаралған әлеуметтік төлемдердің тиісті сомаларын, аудан азаматтарының келесі аталған жекелеген категорияларына төленсін: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесіне:
Тармақша 1
1) соғыс мүгедектеріне және қатысқандарға – бес мың теңге, әлеуметтік көмектін төлемі Нұра аудандық Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
Тармақша 2
2) бұрынғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқыны болғандарға – үш мың теңге;
Тармақша 3
3) Ленинград қаласының блокадасы кезінде сол жерде істеп және «Ленинград қорғаны үшін» медалімен және «блокадалық Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға – үш мың теңге;
Тармақша 4
4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанкештілік еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы ССРО-ның ордендері және медалдерімен марапатталған тұлғаларға-бір мың теңге; Балаларды қорғау күніне:
Тармақша 5
5) мүгедек балаларға – үш мың теңге, әлеуметтік көмектің төлемі Нұра аудандық Зейнетақы төлеу мемлекеттік Орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
Тармақша 6
6) Ұлы Отан соғысына қатысқандары мен мүгедекткріне от жағатын мезгілде коммуналдық қызмет ақысын төлеу үшін айына 100 квт электрқуатының ақысын, қатты отынға 12000 теңге;
Тармақша 7
7) кент және ауылдардың аз қамтылған азаматтарына егер орташажандық табысы күн көріс днңгейінен төмен немесе кейбір орын алған жағдайларға байланысты шұғыл қолдауға мұқтаж болғанда 2000 теңгеден 5000 теңгеге дейін;
Тармақша 8
8) кент және ауылдардың азаматтарының орташажандық табысы күн көріс деңгейінен жоғары болғанда, айрықша жағдайларда – өрт, денсаулықтың қауыпты жағдайы, жол апаты және басқа кездейсоқ жағдайлар – 5000 теңгеден 20000 теңгеге дейін әлеуметтік төлем алу құқығы бар.
Тармақша 9
9) Негізгі азық-түліктердің бағасы мен қуаттасушылардың тарифтерінің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек азаматтардың келесі жеке топтарына көрсетіледі: Күнкөріс кедейшілік шегінен төмен тұратын отбасыларына, яғни атаулы әлеуметтік көмек алушыларға. Мұқтаж азаматтарының жеке топтарына негізгі азық-түліктердің бағасы мен қуаттасушылардың тарифтерінің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек ақшадай төленеді. Әлеуметтік көмек әрбір алушыға бір айлық көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін. Әлеуметтік көмек «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтарының жеке топтарына әлеуметтік көмек» деген бюджеттік бағдарламаға сәйкес беріледі. Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдердің атаулы әлеуметтік көмек алушылардың мәліметтері базасы бойынша қалыптастырылады. Әлеуметтік көмек төлемдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісін кейбір банктік операцияларды жүзеге асыру құқығын берген лицензиясы бар екінші деңгейдегі банктер және ұйымдар арқылы, жеке есеп шотқа аудару жолымен жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмектің төлемдері осы шешімнің 1 тармағы 1), 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларында аталған азаматтардын жекелеген категорияларына Нұра ауданының Зейнетақы төлеу мемлекеттік Орталығының ұсынған тізімдері негізінде жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің 1 тармағы 7), 8) тармақшаларында аталған азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек төлемі келесі құжаттардың негізгінде жүргізіледі:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмек көрсетуге жазбаша түрдегі өтініш;
Тармақша 2
2) өтінушінің жеке куәлігінің, СТН көшірмесі;
Тармақша 3
3) емдеу мекемесінің емделу қажеттілігі туралы пнықтамасы;
Тармақша 4
4) өрт туралы акт;
Тармақша 5
5) кірістерінің түрі көрсетілген материалдық-тұрмыстық жағдайды тексеру актісі және кент немесе ауыл әкімінің ұсыным.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.