Об организации оплачиваемых общественных работ в Ерейментауском районе в 2008 году Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерейментау ауданында 2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы № 836 «2001 жылдың 23 қаңтарындағы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының іске асыру шарасы туралы» қаулысына сәйкес жұмыс іздеуде қиындақтарға тап болатын жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында және олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылы, Ерейментау ауданының, Ерейментау қаласы, ауыл және ауылдық округтердің кәсіпорындары мен мекемелерінде жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ауданының кәсіпорындары мен мекемелерінің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі және қойылатын нақты шарттары қосымшаға сәйкес бекітілсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. «Ерейментау ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
Тармақша 1
1) тіркеу нешіне сай, кезек тәртібімен жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа бағыттасын;
Тармақша 2
2) бірінші кезекте нысаналы топқа кіретін жұмыссыздарды бағыттасын;
Тармақша 3
3) қосымшаға сәйкес жұмыс берушілермен келісім шарт жасасын.
Тармақ 4
4. «Ерейментау ауданының қаржы бөлімі» мемекеттік мекемесі 2008 жылға арналған аудандық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржы шегінде ақылы қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысы ауданның бюджет қаржысынан нақты атқарылған жұмыстары үшін. 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «2008 жылғы Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген айлық еңбекақының ең аз мөлшерінен кем емес мөлшерде төленсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімдігінің 2008 жылдың 24 қаңтардағы «Ерейментау ауданында 2008 жылғы ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру туралы» № а-1/14 Ерейментау аудандық әділет Басқармасында 2008 жылдың 18 ақпанында тіркелген № 1-9-94 және 2008 жылдың 27 ақпанында № 23 «Ереймен» газетінде жарияланған қаулысы, күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 7
7. Қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және кезекті басылымда жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 8
8. Нақты қаулының іс-әрекеті 2008 жылдың 15 мамырынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 9
9. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаеваға жүктелсін.
Басқа 13. 2008 жылда келісім шарт негізінде өткізілетін қоғамдық жұмыстардың түрі мен өлшемі және оларды өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗІМІ
Қосымша Ерейментау ауданы әкімдігінің 2008 жылдың «14» шілде № а-8/163 қаулысымен бекітілген 2008 жылда келісім шарт негізінде өткізілетін қоғамдық жұмыстардың түрі мен өлшемі және оларды өткізетін кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗІМІ № Кәсіпорындар мен ұйымдардың атауы Жұмыстың түрі Жұмыс орындар саны 1 «Ерейментау қалалық әкімнің аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Қала бойынша әлеуметтік карталарды құрастыру. Қар мен қоқыс жинастыру. 47 2 «Тайбай ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. Әкім аппаратының қазандықтарын жөндеу. Аққала құрастыру. 17 3 «Қойтас селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауыктыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта кұру және жөндеуге көмектесу. Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. 2 4 «Павловка селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Иесіз қалған кұрылғыларды бөлшектеуге көмектесу. Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. Жалғызбастылардың, 16 зейнеткерлердің, мүгедектердің пәтерлерін жөндеу. Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта кұру және жөндеуге көмектесу. Аққала құрастыру. 5 «Новодолинка селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Аққала құрастыру 7 6 «Күншалған селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Иесіз қалған құрылғыларды бөлшектеуге көмектесу. 9 7 «Олжабай батыр атындағы селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. Аққала кұрастыру. 9 «Торғай селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көріктендіру). Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Жалғызбастылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің пәтерлерін жөндеу. 13 «Новомарковка селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта құру және жөндеуге көмектесу. Жалғызбастылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің пәтерлерін жөндеу. Әкім аппаратының қазандықтарын жөндеу. Аққала құрастыру. 3 10 «Өлеңті селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта құру және жөндеуге көмектесу. Жалғызбастылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің пәтерлерін жөндеу. 8 11 «Бестоғай селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Әлеуметтік - мәдени нысандарды қайта құру және жөндеуге көмектесу. Аққала кұрастыру. 5 12 «Сіліті ауыл әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялык сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. 3 13 Изобильный ауыл әкімі аппараты Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Мемлекеттік мекемелердің аймағын қар мен мұздан тазарту. 6 14 «Бозтал ауыл әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Аулаларды аралау және халықты санақтау. Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Иесіз қалған кұрылғыларды бөлшектеуге көмектесу. Аққала құрастыру. 6 15 «Ақмырза селолық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және көркейту). Әлеуметтік карталарын ресімдеуге көмектесу. Жалғызбастылардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің пәтерлерін жөндеу. 5 16 «Ерейментау орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесі Қауіпті өрт кезеңінде көмек көрсету 5 17 «Ақмола облысы Ерейментау аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесі Әскерге шақырылғандардың жеке істерін ресімдеу және шақыру қағазын тарату 11 18 «Ақмола облысының мұрағаттар мен кұжаттамалар Басқармасының Ерейментау ауданының мемелекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі Мұрағат құжаттарын жаңартуда көмек 4 Аудан бойынша Барлығы 176