Об организации социальных рабочих мест в 2008 году по Ерейментаускому району Қолданыста
Басқа 0
2008 жылы Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 18-1 бабына сәйкес нысаналы топтарды қосымша әлеуметтік қорғау шараларын орнату мақсатымен Ерейментау аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылы кәсіпорындар мен мекемелерде құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту жұмысын ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орнын құрған кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін (келесім бойынша).
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражатынан және жұмыс берушінің жартылай өтем шығынынан төленсін (келесім бойынша).
Тармақ 4
4. «Ерейментау аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын 2008 жылғы ауданның әлеуметтік аудандық даму көрсеткіштерінің орта мерзімді, жоспарына сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Ерейментау ауданы әкімдігінің «Ерейментау ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру туралы» 2008 жылғы 14 ақпанындағы № а-3/41, Ерейментау ауданның әділет Басқармасында 2008 жылдың 20 наурызында тіркелген №1-9-98 және 2008 жылдың 2 сәуіріндегі № 35 аудандық «Ереймен» газетінде жарияланған қаулысы күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Қаулы Ерейментау аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және кезекті басылымда міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.
Тармақ 7
7. Нақты қаулының іс-әрекеті 2008 жылдын 15 мамырында туындаған құқықтық қатынастарға бастап таралады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылауға алу аудан әкімінің орынбасары С.Н. Дүйсембаеваға жүктелсін.
Басқа 9. Құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
2008 жылдың «17» шілде № а-8/170
Ерейментау ауданы әкімдігінің
қаулысымен бекітілген
Құрылатын әлеуметтік жұмыс орындары және кәсіпорындар мен ұйымдар тізбесі
№
Кәсіпорын атауы
Құрылатын жұмыс орындарының саны
1
«Адал-Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
2
«Акдым-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2
3
«Алиби-Павловка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
3
4
«Вефиль - 2005» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2
5
«ДПН» шаруа қожалығы
9
6
«ЕвАльянс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
6
7
Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жұмысын жүргізу құқығындағы «Жылусервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
1
8
«Еркіншілік элеватор-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
9
«МуСаИмпэкс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2
10
«СТО Нұрлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
11
«Торғай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2
12
«Эльбор» өндірістік кооператив
2
Барлық жұмыс орны
35