Об организации социальных рабочих мест в Есильском районе на 2008 год Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 11 қаңтардағы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы Заңдарына сәйкес және халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғауда қосымша шаралар белгілеу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2008 жылы ұжымдар мен кәсіпорындарда құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Қосымшаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындары құрылған ұжымдар мен кәсіпорындар тізімі бекітілсін.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы бюджет қаражатынан және бір бөлігі жұмыс берушінің шығындары есебінен жүргізілсін.
Тармақ 4
4. «Есіл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды аймақтың 2008 жылы әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының көрсеткішіне сай қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Аудан әкімдігінің «Есіл ауданында 2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» 2007 жылғы 5 қаңтардағы №а-1/45 (Әділет басқармасында 2007 жылы 30 қаңтарда №1-11-62 тіркелген, аудандық «Жаңа Есіл» газетінде 2007 жылғы 5 ақпанда №6 (217)) жарияланған қаулысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының әсер етуі 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қатысты таралады.
Тармақ 7
7. Аудан әкімдігінің осы қаулысың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ағымбаев С.К.жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткеннен соң қолданылады
Басқа 9. Есіл ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындары құрылған ұжымдар мен кәсіпорындар ТІЗІМІ
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 7 тамыздағы № а-8/186 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Есіл ауданында 2008 жылы әлеуметтік жұмыс орындары құрылған ұжымдар мен кәсіпорындар ТІЗІМІ №№ Ұжымдар Адам саны. Ұзақтығы айы Төлем көлемі 1 «Ғарыш АШК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 6 473130 2 «Агро союз 2» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 15 6 473130 3 «Каракольский АШК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 19 6 571709 4 «Ашенова» жеке кәсіпкерлігі 1 3 15771 5 «Ақниет М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 6 315420 6 «Жумабаева А.К.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 4 6 126168 7 «Момоток» ЖК жеке кәсіпкері 1 6 31542 8 «Калашинова» ЖК жеке кәсіпкерлігі 2 6 63084 9 «Левченко Н.К.» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3 6 94626 10 «Калинская И.И.» жеке кәсіпкерлігі 1 6 31542 11 «Баймағамбетов» жеке кәсіпкері 3 6 94626 12 «Жусупов» жеке кәсіпкерлігі 6 6 189252 80 2480000