Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в октябре-декабре 2008 года Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылы қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарың 2008 жылдың сәуір-маусымы мен қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылы сәуір - маусымы мен қазан - желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 сәуірдегі № 200 (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 10 сәуірдегі нөмірі 3631 болып тіркелген) қаулысы негізінде Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2008 жылдың қазан - желтоқсанында шақырудан кейінге қалдырылу немесе босатылу құқығынан айырылған, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейін ер жынысты азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа жетпеген және шақыру бойынша белгіленген әскери қызметті өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруының өткізілуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы құрылсын (1-қосымша).
Тармақ 3
3. 2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізудің кестесі бекітілсін (2-қосымша).
Тармақ 4
4. Селолық округтер, селолар, Затобол кенті әкімдері шақыру өткізу кезеңінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне шақыру туралы хабарлауды және уақытылы келуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Шақыру өткізу кезеңінде «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне ұсынылсын:
Тармақша 1
1) шақыру пунктін дәрігер мамандар мен және орта медициндлық қызметкерлермен жасақтауға;
Тармақша 2
2) стационарлық тексеру үшін орындар қамтамасыз етуге.
Тармақ 6
6. «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) бастығына медициналық және шақыру комиссиясынан өту кезеңінде әскерге шақырушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін шақыруды өткізу кезеңіне Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Қостанай ауданы әкімиятының «Қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылы қазан-желтоқсанда азаматтардың кезекті шақыруын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруы 2008 жылға арналған көзделген қаражаттар шегінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч.Досжановқа жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн ішінде қолданысқа енгізіледі.
Басқа 12. Аудандық әскерге шақыру комиссияның құрамы
Әкімдіктің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 317 қаулысына 1-қосымша Аудандық әскерге шақыру комиссияның құрамы Айсин Дархан Сұлтанбекұлы - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Суинова Әсел Шохатқызы - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары Жақыпов Марат Жұмағалиұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Малык Татьяна Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының көз дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Горшкова Светлана Николаевна - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесінің техникалық қызметкері, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша) Тортаев Ерлан Боқанұлы - «Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша) Ильминская Вера Яковлевна - Қостанай ауданы әкімиятының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекет мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Шахметов Ерболат Амангелдіұлы - «Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кадрлық-тәрбие жұмысы жөніндегі бастығының орынбасары (келісім бойынша) Карагодина Вера Александровна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Ақмұрзина Күляш Аймұхановна - «Қостанай аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, медициналық комиссияның хатшысы (келісім бойынша)
Басқа 13. 2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізудің кестесі
Әкімдіктің 2008 жылғы 14 шілдедегі № 317 қаулысымен бекітілген 2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізудің кестесі