Мүгедектер үшін 2008 жылға арналған жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы Қолданыста
Басқа 0
Мүгедектер үшін 2008 жылға
арналған жұмыс орындары
квотасын белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы
Занының 7-бабы 5-2-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
31 бабы 1-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті
мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына
сәйкес және статистикалық мәліметтердің негізінде Рудный қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Рудный қаласы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш
пайыз мөлшерінде 1500 жүмыс орнымен мүгедектер үшін 2008 жылға арналған
квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квотаға сәйкес жүмыс орындарына
жұмысқа орналастыруға жәрдемдебу бойынша шаралар қолдансын.
Тармақ 3
3. Жүмыс берушілер мүгедектер үшін жүмыс орындарының белгіленген
квотасын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Әкімдіктің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1822 «Мүгедектер үшін
2008 жылға арналган жүмыс орындары квотасын белгілеу туралы» қаулысы
жойылсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау әкімнің орынбасары
А.А. Ишмүхамбетовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.