О выплате единовременной материальной помощи на приобретение грубых кормов малоимущим лицам (семьям), проживающим в сельской местности города Экибастуза на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) ірі азық жем сатып алуға 2008 жылға біржолғы материалдық көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі (IV шақырылған кезекті VIII сессия) «Екібастұз қалалық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы (IV шақырылған кезекті IV сессия) «Екібастұз қаласының 2008 жылға арналған бюджеті туралы» № 29/4 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 95/8 орындауда, ауылдық жерлерде тұратын, аз қамтамасыз етілген тұлғаларды (отбасыларын) қолдау мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғаларға (отбасыларына) ірі азық жем сатып алуға біржолғы материалдық көмек тағайындау бойынша қоса беріліп отырған комиссияның құрамы (бұдан әрі-Комиссия) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әр мүшесі үшін жиынтық айлық кірісі белгіленген күнкөріс деңгейінен төмен, Екібастұз қаласының ауылдық жерлерінде тұратын аз қамтамасыз етілген тұлғалар (отбасы) ірі азық жем сатып алуға біржолғы материалдық көмек алу құқына ие болатын болып белгіленсін.
Тармақ 3
3. Ір азық жем сатып алуға біржолғы материалдық көмек алу үшін
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік
мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мынадай құжаттарды тапсыру
қажет:
Тармақша 1
1) материалдық көмекті пайдалану мақсаты туралы өтініш;
Тармақша 2
2) отбасының барлық мүшелерінің кірісін растайтын анықтамалар;
Тармақша 3
3) отбасы құрамы туралы анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
Тармақша 4
4) қосалқы шаруашылығы барлығы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (көшірмесі);
Тармақша 6
6) жеке басының куәлігі (көшірмесі);
Тармақша 7
7) «Қазақпошта» акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотының нөмірлері.
Тармақ 4
4. Ірі азық жем сатып алуға біржолғы материалдық көмек Комиссияның шешімімен тағайындалады.
Тармақ 5
5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі қаланың 2008 жылға арналған жылдық бюджеті аясында біржолғы материалдық көмекті қаржыландыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.А.Құрмановаға жүктелсін.
Тармақ 7
7. 0сы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.