Қолданыстағы ред. 12.09.2008

2008 жылдың қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы от 12.09.2008 г. № 582 (2008 жылдың қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы)

0

2008 жылдың қазан - желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс- шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31- бабы 1-тармағының 8) тармақшасы, “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19- бабы 3- тармағы, 20 - бабы 1- тармағы және “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №563 Жарлығының 3 - тармағы талаптарын орындау мақсатында Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың қазан- желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шаралар “Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.

2

2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне уақытылы келулерін қамтамасыз етуге шаралар қабылдасын.

5

5. "Жалағаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1

1) шақырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін маман дәрігерлер мен аяжандардың кажетті санын бөлу;

2

2) қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мұлкімен қамтамасыз ету;

3

3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру;

4

4) ауруханада шақырылғандардың ішіндегі ауруы барларын жатқызып емдеуге жататын төсектер санын бөлу ұсынылсын.

6

6. "Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың облыстық жиын пунктіне жөнелтілуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. "Қызылорда тарату электр желісі компаниясы” АҚ Жалағаш филиалына (келісім бойынша), “Энергетик и ДАС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) шақыру комиссиясының жұмыс жүргізу кезеңінде, аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне және аудандық емханаға электр жарығының үзілмей беріліп тұрылуына жәрдем көрсету ұсынылсын.

8

8. Жалағаш кент әкімі мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың құжаттарын сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің қарамағына ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардан өз еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.

9

9. Жалағаш кент, ауылдық округі әкімдеріне, “Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), “Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімі” мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), “Жалағаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы қаулының орындалуы жөнінде атқарылған жұмыстар жайлы ақпаратты 2009 жылдың 7 қаңтарында аудан әкімдігіне ұсынылсын.

10

10. “2008 жылдың сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 сәуірдегі №438 қаулысының (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылғы 21 сәуірдегі №10-6-91 болып тіркелген, 2008 жылғы 26 сәуірде №35 (6653) және 2008 жылғы 30 сәуірде №36 (6654) “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

11

11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Алиеваға жүктелсін.

12

12. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ ”
"Жалағаш аудандық емхана"
мемлекеттік мекемесінің
бас дәрігері
Х.КАМЕТОВ
"12" қыркүйек 2008 жыл
"Жалағаш аудандық қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
М.СҮЛЕЙМЕНОВ
"12" қыркүйек 2008 жыл
"Жалағаш аудандық ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
А.МАНШАРИПОВ
"12" қыркүйек 2008 жыл
"Қызылорда тарату электр желісі
компаниясы" АҚ Жалағаш
филиалының бастығы
С.НҰРҒАЛИЕВ
"12" қыркүйек 2008 жыл
"Энергетик и ДАС" ЖШС менеджері
Б.БЕКЖАНОВ
"12" қыркүйек 2008 жыл

17. Комиссия мүшелері:

Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы “12” қыркүйектегі
№ 582 қаулысына 1 - қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Сүлейменов Мақсұт Мейріманұлы -
“Жалағаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Алиева Рауаш - Жалагаш ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Оңдабаев Бауыржан Барлыбаевич - "Жалағаш аудандық ішкі - істер бөлімі” мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Камтов Ханзулла Садуақасұлы - “Жалагаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесінің бас дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы, (келісім бойынша);
Алматова Хапиза Рафиковна - “Жалағаш аудандық емхана” мемлекеттік мекемесінің аяжаны, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Жалғасбаев Сакен Ануарбекович - “Жалагаш аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі” мемлекеттік мекемесінің келісім- шарт әскери қызметшілерін жинақтау және шақыру бөлімшесінің бастыгы (келісім бойынша);
Ұзақбаева Злиха Муратовна - “ № 202 орта мектебі” мемлекеттік мекемесінің психолог мұғалімі.

18

Жалағаш ауданы әкімдігінің
2008 жылғы “12” қыркүйектегі
№582 қаулысымен бекітілген
2 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ