Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников на 2008 год Қолданыста
Басқа 0
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, "Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)"» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 Кодексінің
454-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесін бекіту туралы"» Қостанай облыстық мәслихатының 2008 жылғы 11 шілдедегі № 113 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қостанай облыстық
мәслихатының
2008 жылғы 15 тамыздағы
№ 125 шешіміне қосымша
Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2008 жылға арналған төлемақы мөлшерлемесі
№
Арнайы су пайдалану түрлері
Өлшеу бірліктері
Төлемақы мөлшерлемесі
1
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер
теңге/текше метр
0,041
2
Жылу энергетикасын қоса есептегенде, өнеркәсіп
теңге/текше метр
0,119
3
Ауыл шаруашылығы
теңге/текше метр
0,033
4
Су көздерінен су алатын тоған шаруашылықтары
теңге/текше метр
0,033
5
Балық шаруашылығы, су көздерінен балық аулайтын тұтынушылар
теңге/тонна
84,316