Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в октябре-декабре 2008 года на территории Енбекшильдерского района Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында Еңбекшілдер ауданының аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-і шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 8-тармақшасына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Еңбекшілдер ауданының аумағында тұратын, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды, 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Азаматтарды 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру өткізу кестесі бекітілсін (1 қосымшаға сәйкес).
Тармақ 3
3. Азаматтарды мерзімді әскерге шақыру мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына ұйымдасқан түрде шығарып салу үшін әскерге шақыру комиссиясының құрамы құрылсын (2 қосымшаға сәйкес).
Тармақ 4
4. Степняк қаласының және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары әскерге шақырылушылардың дәрігерлік куәландыру мен шақыру комиссиясынан өтуі үшін оларға хабарлау мен ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. «Еңбекшілдер аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру ісін ұйымдастыру мен өткізуде «Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі) төмендегідей көмек жасау ұсынылсын:
Тармақша 1
1) қорғаныс істері жөніндегі бөліммен бірлесе отырып (келісім бойынша), әскери міндетін атқарудан жалтарушыларды іздестіру тобын құрсын;
Тармақша 2
2) әскерге шақырылушыларды тасымалдау кезінде қоғамдық тәртіптің бұрмалануының және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында көлік құралдары жүргізушілерінің арасында профилактикалық жұмысты күшейтіп, Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырымына сәйкес полицияның кезекші нарядын бөлсін.
Тармақ 6
6. «Еңбекшілдер аудандық ауруханасы» мемлекеттік мекемесінің бас дәрігеріне (келісім бойынша) және «Аудандық орталық емхана» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде дәрігерлік куәландыру үшін мыналар ұсынылсын:
Тармақша 1
1) маман дәрігерлер мен орта буын дәрігерлік қызметкерлер бөлу;
Тармақша 2
2) дәрігер-мамандар мен орта буын медицина қызметкерлерін негізгі жұмыс орнында міндетін атқарудан босату, қосымша байқаудан өткізуге жіберілген әскерге шақырылушылардың Еңбекшілдер ауданының аудандық ауруханасына қабылдануын қамтамасыз ету.
Тармақ 7
7. Әскерге шақырылушыларды облыстық жинақ пунктіне ұйымдасқан түрде жөнелту мақсатында Еңбекшілдер ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Есімов Бауыржан Неғметұлы мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің» кестесіне сәйкес әскерге алынушыларды тасымалдайтын көлікпен мезгілінде қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. «Еңбекшілдер ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы жергілікті бюджетте қарастырылған көлемде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 9
9. Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 сәуірдегі «2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери кызметке шақыруды өткізу туралы» № А-5/98 қаулысы (Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында 2007 жылдың 16 мамырында 1-10-54 нөмірімен тіркелген), аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінің 2007 жылғы 26 мамырдағы № 25-26 санында жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
Тармақ 10
10. Осы қаулы Еңбекшілдер ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және аудандық «Жаңа дәуір», «Сельская новь» газетінде ресми түрде жарық көрген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.С.Омаровқа жүктелсін.
Басқа 16. 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыруды өткізу КЕСТЕСІ
1-қосымша Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «3» 10 № а-10/185 қаулысымен БЕКІТІЛДІ 2008 жылдың қазан-желтоқсан айларында шақыруды өткізу КЕСТЕСІ № п/п Ауылдық қала округтердің атау Шақыру комиссиясына келу күндері 3.10.08 6.10.08 7.10.08 8.10.08 9.10.08 10.10.08 13.10.08 14.10.08 15.10.08 1 Ақсу 23 2 Аңғалбатыр 29 3 Баймырза 23 4 Бірсуат 15 5 Уәлихан 24 6 Степняк қ. 15 7 Донской 38 8 Еңбекшілдер 28 9 Заозерный 45 10 Заурал 27 11 Кеңашы 18 12 Краснофлот 25 13 Макин 34 14 Мамай 16 15 Үлгі 35 Барлығы: 395
Басқа 17. Шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің 2008 жылғы «3» 10 № а-10/185 қаулысына 2 қосымша Шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ Есімов Бауыржан Неғметұлы - «Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы Қайыржанов Бауыржан Әлімжанұлы - аудандық әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, шақыру комиссиясы төрағасының орынбасары Комиссия мүшелері: Баржақсымов Ерлік Қадырбекұлы - «Еңбекшілдер аудандық ішкі істер бөлімінің» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары Құрманбаев Ерғали Мұқлайұлы - аудандық орталық емхананың жұқпалы бөлімшесінің «Еңбекшілдер аудандық ауруханасының» мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, медицина комиссиясының төрағасы Шаманаева Елена Ивановна - «Аудандық орталық емхананың» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының психиатрия кабинетінің медбикесі, шақыру комиссиясының хатшысы