Об утверждении инструкции по предоставлению и размерам социальных выплат отдельным категориям граждан в 2008 году Қолданыста
Басқа 0
2008 жылда жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің берілуі және мөлшері жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі «2008 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің берілуі және мөлшері жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы» № 119/4 қаулысына (бұдан әрі - Нұсқау), аудан әкімдігінің 2008 жылғы 9 шілдедегі енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен «Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 сәуірдегі № 119/4 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» № 180/6 негізінде, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Нұсқау бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2008 жылғы 1 қантарынан құқықтық қатынастарға таратылады.
Тармақ 3
3. Осы шешімінің орындалуын бақылау экономика және бюджет, шағын және орта бизнесті қолдау, ауданда спорттың дамуы бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін.
Басқа 4. 2008 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің берілуі және мөлшері жөніндегі Нұсқау
Аудандық мәслихат 2008 жылғы
24 қыркүйегінде № 57-10-4
шешімімен бекітілген
2008 жылы жеке санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің берілуі және мөлшері жөніндегі Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес, жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша осы Нұсқау аудан азаматтарының жеке санаттарына ұсынылған әлеуметтік төлемдердің іске асырылуын айқындайды. 2008 жылы азаматтардың жеке санаттарың әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нұсқаудың 2 тармағына сәйкес төленген. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 ақпандағы «2008 жылы азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша Нусқауды бекіту туралы» № 6/1 қаулысымен бектіліген. Ертіс ауданының әділет басқармасында 2008 жылы 20 ақпанда НГР 12-7-62 тіркелген.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері
2. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері
Тармақ 2
2. Азаматтардың жеке санаттарына тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері 2 тармағында, келесі тармақшаларында көрсетілген:
Тармақша 1
1) ен аз мөлшердегі – 1168 теңге;
Тармақша 2
2) бірінші тармақшада көрсетілген тұлғалардың санаттағы үшін – 10000 теңге, екінші және үшінші тармақшаларда – 5000 теңге;
Тармақша 3
3) жылдық жазылымға аудандық газетіне – 1300 теңге мөлшерінде, облыстық газеттеріне «Наш край» - 350 теңге, «Сарыарқа самалы» және «Звезда Прииртышья» - 2846 теңге, республикалық газеттеріне «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» - 2846 тенге.
Тармақша 4
4) жергілікті моншаға бір адамға аптасына бір рет баруға – 200 теңге мөлшерінде және шаштаразда айына бір рет шаш алдыру – 250 теңге, үйде – 300 теңге;
Тармақша 5
5) даңқты мезгілдер мен мерекелік күндерге: Жаңа жыл, 8 Наурыз, Наурыз мейрамы, Қарттар күні, Тәуелсіздік күні – 5000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 6
6) «Алтын алқа» белгісімен марапатталғандарға – 1500 теңге;
Тармақша 7
7) балаларға бір реттік көмек – 300 теңге;
Тармақша 8
8) ау сайынғы көмек:
- Ұлы Отан соғысында қатысушылар мен мүгедектерге дәрі – дәрмек сатып алуға – 1168 теңге мөлшерінде;
- Жеңіс Күніне аудан әкімінен сыйлыққа – 5000 теңге мөлшерінде;
- баспананы жөндеуге – 5000 теңге мөлшерінде;
- телефонның абонентік төлеміне – аудандық телекоммуникация торабы белгілеген мөлшерінде;
- жолақысының құжаттары бойынша республикалық госпиталға баруына жолақысының төлемі;
- тістерін протездеуге – 15000 теігеден артық емес;
- бір жолғы материалдық көмек – 1000 теңге мөлшерде.
Тармақша 9
9) жаңа оқу жылына қарсы аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына – бір балаға – 5000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 10
10) облыс көлеміндегі дербес зейнеткерлерге ай сайынғы қосымша төлем – 854 теңге;
Тармақша 11
11) Құрметті азаматтардың ішіндегі зейнеткерлерге Конституция күні, Наурыз мейрамы, Республика күні, Тәуелсіздік күні – 5840 теңге;
Тармақша 12
12) денсаулық сақтау департаментінің бағыттау бойынша сырқаттардың республика аймағында жол қатысынасының төлеміне – 9828 теңге мөлшерінде;
Тармақша 13
13) Қариялар күнінде 1 топьағы жалғыз басты мүгедектерге – 3000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 14
14) дәрігердің бағыттаумен туберкулезбен ауыратын сырқаттардың облыс орталығына барып келу жол ақысының төлемі – 2000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 15
15) туберкулезбен ауыратын сырқаттарға күшейтілген тамақ қабылдауға – 10000 теңге;
Тармақша 16
16) сал ауруы сырқатты мүгедек отбасы мүгедек балалары бар жанұяларға, облыстық реабилитациялық отралыққа жіберуге, жануя кірісіне қарамастан – 5000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 17
17) санаториялық – курорттық емделуге жіберілген азаматтардың жол төлеміне – 3000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 18
18) 16 жасқа дейінгі жас кезінен мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған, үйде оқытуға жәрдемақы алмаған жанұяларға – 5000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 19
19) мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек алатындардың ішіндегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға бір реттік материалдық көмек, мал сатып алуға – 65000 теңге мөлшерінде, жеке аула шаруашылығын немесе бизнесін дамытуға – 45000 теңге мөлшерінде;
- ірі қара малға жем – азық сатып алуға – құнының фактісі бойынша;
- ҰОС, Чернобыль, ауған соғысында қатысқандарға, Ленинград қорғау қатысушыларға – ай сайын 1364 теңге мөлшерінде;
- жалғыз және жалғызбасты тұрып жатқан (ерлі – зайыптының біріне) зейнеткерлеріне ең аз мөлшерде алатын зейнетақыға – тоқсан сайын 2336 теңге мөлшерінде;
Тармақша 20
20) бас еркінен айыру орындарынан босап келген тұлғаларға бір реттік материалдық көмек – 5000 теңге мөлшерінде;
Тармақша 21
21) жедел әскери қызметтен босатылып келген әскери қызметкерлерге бір реттік материалдық көмек – 5000 теңге мөлшерінде
Тармақша 22
22) ҰОС қатысушыларға және ҰОС мүгедектерінің электрқазандарын, ауыз су, канализация өткізу үшін бір реттік материалдық көмек-шығындардың фактісі бойынша.