2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс - шаралардың уйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңының 31 бабы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19 бабы және «Белгіленген әскери кызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір -маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазакстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі Жарлығының 3 - тармағының талаптарын орындау мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс - шаралардың уйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы от 03.10.2008 г. № 523 (2008 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңдегі іс - шаралардың уйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы)
1. Шақыруды кейінге калдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ак оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2008 жылдың қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары «Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы ұйымдастырылсын.
2. 2008 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың корғаныс істері жөніндегі бөлімге ұйымдасқан түрде келуін қамтамасыз ету және оларды салтанатты жағдайда шығарып салу жөнінде шаралар кабылдасын.
4. «Сырдария аудандық емхана» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):
1) шакырылғандарды медициналық куәландырудан өткізуді ұйымдастыру үшін білікті маман дәрігерлер мен аяжандардың қажетті санын бөлу;
2) кажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина мүлкімен камтамасыз ету;
3) емдеу емханаларында шақырылғандарды кезектен тыс қабылдауды ұйымдастыру ұсынылсын.
5. «Сырдария аудандык Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шакырушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін үйымдастыру ұсынылсын.
6. «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мерзімді әскери қызметке шақырылғандардың сапалы дайындауға аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына ақылы коғамдық жұмысқа тартылғандардан өз еріктерімен келіскен 4 адам бөлсін.
7. Тереңөзек кенті, ауылдық округтердің әкімдері, «Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Сырдария аудандық емхана» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Сырдария аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) қаулыны орындауда атқарылған жұмыстар туралы ақпаратты 2009 жылдың 5 қаңтарына аудан әкімдігіне жолдау ұсынылсын.
8. «2008 жылдың көктемгі мерзімде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңіндегі іс-шаралардың үйымдастырылуын қамтамасыз ету туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 29 сәуірдегі №242 қаулысының (нормативтік кұкықтык кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2008 жылгы 23 мамырда №10-8-66 болып тіркелген, «Тіршілік тынысы» газет баспасының 2008 жылғы 24 мамырдағы №42 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегеноваға жүктелсін.
10. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап колданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Келісілді»
Сырдария аудандык ішкі істер бөлімінің бастығы
Б.Досанов
« 3» қазан 2008 жыл
«Келісілді»
Сырдария аудандық емхананың бас дәрігері
Б.Пржанова
« 3» қазан 2008 жыл
«Келісілді»
№35 қазақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Г.Батишева
«3» қыркүйек 2008 жыл
«Келісілді»
Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
М.Сүлейменов
«3 » қазан 2008 жыл
«Келісілді»
«Отан» қоғамдық бірлестігінің Сырдария филиалының төрағасы
Н.Ергешбаев
«3» қазан 2008 жыл
2008 жылғы «3» қазан № 523
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген қосымша
2008 жылдың қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық комиссияның құрамы
Сүлейменов Мақсұт-
«Сырдария ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің» бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Өтегенова Балшекер- аудан әкімінің орынбасары,комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Қалдыбеков Ғани-аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Піржанова Бисен-аудандық емхананың бас дәрігері, (келісім бойынша)
Батишева Гүлсара- №35 казақ орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);
Ергешбаев Нәділ -«Отан» коғамдық бірлестігінің Сырдария филиалының төрағасы (келісім бойынша).
Тоқмағанбетова Ғалия - аудандық аурухананың аяжаны, комиссия хатшысы (келісім бойынша).