2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ҚАЗ2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 272
- Қабылданған күні
- 07.11.2008
- Көрсетілген редакция
- 07.11.2008 · қолданыстағы 42309_318240.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 07.11.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZD000076
- ЭКБ идентификаторы
- 42309
- Редакция идентификаторы
- 42309_318240
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:39
0 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда кезекті шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілілік және әскери қызмет туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымын және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 563 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының 2008 жылдың сәуір – маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 Жарлығын іске асыру туралы» №353 Қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылғын, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы (№1 қосымшаға) сәйкес құрылсын. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамында аудандық медициналық комиссия құрылсын.
3 3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі (№2 қосымша) бекітілсін.
4 4. Аудандық шақыру комиссиясынан (Б.Ж.Алтаяқов) мерзімді әскери қызметке шақырылатын және әскери оқу орындарына түсуге ниет білдіруші азаматтарды дәрігерлік тексеруден өтуін қамтамасыз ету сұралсын.
5 5. Аудандық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыру, оларды әскер қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.
6 6. Аумақтық медицина бірлестігіне (Ә.Ғаббас) (келісім бойынша):
1 1) шақыру кезінде медициналық комиссияның құрамын айқындап, соған арнап қажетті мөлшерде жоғары білікті, тәжірибелі дәрігер-мамандар, медбикелер бөлу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру пунктін медициналық жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ету;
2 2) шақыру комиссиясы емдеу мекемесіне жіберген шақыртушыларды стационарлық тексеруден өткізу;
3 3) осы мақсатқа арнап аудандық ауруханадан орындар бөлуді қамтамасыз ету ұсынылсын.
7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне (И.Бекқалиев) (келісім бойынша):
1 1) шақыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуы;
2 2) шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруге және шақыру пунктіне жеткізуге арнайы полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
8 8. Аудандық қаржы бөлімі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, оларды әскери бөлімшелерге алдыру жөніндегі шараларды орындауға байланысты шығындарға, аудандық бюджеттен қаралған қаражатын бөлсін.
9 9. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) шақырудың барысы туралы қорытынды ақпаратты 2008 жылдың 10 шілдесіне және 2009 жылдың 10 қаңтарына тапсыру ұсынылсын.
10
10. Аудан әкімдігінің «2008 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2008 жылғы 18 тамыздағы №210 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-4-70 тіркелген, 2008 жылғы 11 қазандағы «Орда жұлдызы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
11 11. Осы қаулы 2008 жылғы 16 сәуірден туындаған құқықтық қолданылатын аталған қаулының 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10 тармақтарын қоспағанда, ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
12 12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж Еркеғалиевқе жүктелсін.
18 Аудандық әскерге шақыру комиссиясының кұрамы
1-қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы «7» қарашадағы
№ 272 қаулысымен бекітілді
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының кұрамы
Келісілді:
Алтаяқов Бауыржан Жиенбайұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім
бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы;
Шәріпқалиев Талғат Меңдіғалиұлы- аудан әкімі аппаратының басшысы,
комиссия төрағасының орынбасары;
Қабиев Есенболат Қапезұлы- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Хаирова Ағайша Ермекқызы - терапевт, медициналық комиссия төрағасы;
Мұхитова Роза - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының (резервтік) құрамы
Кенжеғалиев Өтеген Сисенұлы
- қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери қызметкерлерді шақыру және келісім-шарт бойынша дайындау бөлімше бастығының м. а., шақыру комиссиясының төрағасы;
Жұмабекұлы Бекбол
- аудан әкімі аппаратының құжаттар айналымын қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Изгалиев Қайрат Есенғалиұлы
- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, (келісім бойынша)
Нүркенов Серік Насиұлы
- хирург, медициналық комиссия төрағасы;
Дүйсенғалиева Жаяна Шапхатқызы - аудандық «Нарын жастары» жастар
қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Аудандық медициналық комиссия құрамы
Дәрігер мамандар:
Хируруг
Көз дәрігері
Нарколог
Невропатолог
Тері венеролог
Дерматолог
Рентгенолог
Тіс дәрігері
Отоларинголог
Психиатр
Көз дәрігерінің
медбикесі
Терапевт дәрігердің
медбикесі
Отоларинголог дәрігердің
медбикесі
Рентгенолог дәрігердің
медбикесі
Психиатр дәрігердің
медбикесі
Нрколог дәрігердің
медбикесі
Тіс дәрігердің
медбикесі
Дерматолог дәрігердің
медбикесі
Невропатолог дәрігердің
медбикесі
Фтизиатрдың медбикесі
медбикесі
медбикесі
медбикесі
19 Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізу кестесі
2-қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы «7» қарашадағы № 272 қаулысымен бекітілді
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру өткізу кестесі
№ р/с
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
сәуір
мамыр
маусым
қазан
қараша
желтоқсан
1
Қорғаныс істері жөніндегі бөлім
16,17,18,
19,20,21,
22
-
-
1,2,3,4,5
-
-