Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Сағынтай Есеновтың есімін беру туралы" N 787 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Сағынтай Есеновтың есімін беру туралы" N 787 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Шиелі кенті әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы "Шиелі кенті "Көкшоқы" мөлтек ауданынан атауы жоқ көшеге Сағынтай Есеновтың есімін беру туралы" (нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 21 қаңтардағы N 10-9-102 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетіне 2010 жылдың 27 ақпанда N 27 санымен жарияланған) N 787 шешіміне төмендегі өзгеріс енгізілсін.
1-тармағындағы "Көкшоқы" мөлтек ауданы" деген сөз алынып тасталынып, Шиелі кентінде болып оқылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш рет жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау кент әкімінің орынбасары Түменов Ермахан Байназарұлына жүктелсін.