"Ауылдық округіндегі жаңа көшеге Мәулен Сырымбаевтың атын беру туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 59 санды шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ауылдық округіндегі жаңа көшеге Мәулен Сырымбаевтың атын беру туралы" 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 59 санды шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Жиделіарық ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы "Ауылдық округіндегі жаңа көшеге Мәулен Сырымбаевтың атын беру туралы" N 59 санды шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 11 ақпанындағы N 10-9-77 болып тіркелген, аудандық "Өскен өңір" газетінің 2009 жылғы 21 ақпандағы N 18-19 /7634-35/ шығарылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін. 2-тармағындағы 13.04.2006 жылдан бастап пайда болған қарым қатынастарға тарайды деген сөздер алынып тасталынсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырылсын.
Тармақ 3
3. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.