"Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/90-ІV "Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы cалық режиміне сәйкес біржолғы талондарының құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/90-ІV "Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы cалық режиміне сәйкес біржолғы талондарының құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
- Атауы (қаз.)
- "Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/90-ІV "Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы cалық режиміне сәйкес біржолғы талондарының құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40/279-IV
- Қабылданған күні
- 30.09.2011
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2012 · қолданыстағы AI60902_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UM000092
- ЭКБ идентификаторы
- 60902
- Редакция идентификаторы
- AI60902_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:32
0 "Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/90-ІV "Бір жолғы талон негізіндегі арнаулы cалық режиміне сәйкес біржолғы талондарының құнын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабы мен Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 37 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режиміне сәйкес біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/90-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-49 нөмірімен тіркелген, «Төлеби туы» газетінің 14 -нөмірінде 2009 жылғы 21 наурызында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы «Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режиміне сәйкес біржолғы талондардың құны № 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін» деген сөздер «Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің 1 қосымшасындағы «ауыл шаруашылығы техникалары, жүк көліктері, автобустар» деген сөздер алып тасталынсын;
шешімнің 2 қосымшасындағы «тұрақты» деген сөз «стационарлық» деген сөзбен; «тікпе көшет» деген сөздер «екпелер» деген сөзбен; «тірі» деген сөз «табиғи» деген сөзбен; «үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері» деген сөздер «қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдері» деген сөздермен ауыстырылсын.