"Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
"Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 24 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-15-99, 2009 жылғы 12 ақпандағы "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қосымшада:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бастауыш, орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері.";
мынадай мазмұндағы 17, 18–тармақтармен толықтырылсын:
"17. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар.
18. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс беруші-жеке тұлға қызметінің тоқтатылуына, жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқаруына байланысты босатылған адамдар.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Меңдiқара ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________________ С. Плотникова
2009.07.29 ж.