Қала әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы "2010 жылға арналған кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандықтар тізбесін бекіту туралы" № 1741 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы "2010 жылға арналған кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандықтар тізбесін бекіту туралы" № 1741 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру» Ережесіне сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қала әкімдігінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы «2010 жылға арналған кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру мамандықтар тізбесін бекіту туралы» № 1741 қаулысына (Жаңаөзен қаласы әділет басқармасында 2009 жылдың 30 желтоқсанында 11-2-125 нөмірімен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінің 2009 жылдың 31 желтоқсандағы № 52 (1439) қосымша бет санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Сатыбалдиевке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қала әкімдігінің 19 қаңтардағы № 01 қаулысына қосымша 2010 жылға арналған табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып - күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттырудың мамандықтар тізбесі № Мамандықтар тізімі Оқуға жібе-рілетін адам-дардың саны Со- ның ішінде оралман-дар саны Оқу мер-зімі Орта-ша оқу ақысы 1 айға Тұру ақы-сы 1 айға Та-мақта-ну ақысы1 ай-ға Жолдың жалпы құ-ны, мың теңге Медициналық куәландыру төлемі Бар- лық шығын (мың теңге) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 Техник- бағдарламашы 30 1 ай 10000-00 300,0 2 Техник құрлысшы 15 1 ай 12000-00 180,0 3 Басқару жөніндегі маман 20 1 ай 10000-00 200,0 4 Әкімшілік 15 1 ай 15000-00 225,0 5 Электргаз-бендәнекерлеуші 25 1 ай 12000-00 300,0 6 Сыршы-сылақшы 15 1 ай 10000-00 150,0 7 Жүк ілдіруші 30 1 ай 10000-00 300,0 8 Газбен кесуші 15 1 ай 12000-00 - - - - 180,0 9 Тас қалаушы 15 1 ай 10000-00 - - - - 150,0 10 Темір және бетон конструк- цияларын монтаждау 15 1 ай 12000-00 180,0 11 Скважиналарды барлау және пайдалану бұрғылау бұрғышының көмекшісі 15 2 ай 14000-00 210,0 12 Дербес электронды есептеу машинала- рының операторы 25 1 ай 10000-00 250,0 13 Темір жол жылжымалы құрамдарын жөндеу слесарі 75 1 ай 17397-00 1,304,5 Барлығы: 310 - - - - 3929,5