Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 918 қаулысына өзгеріс енгізу туралы "Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 289 өкіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің қызметкерлерін Әбу-Даби қаласына (Біріккен Араб Әмірліктері) іссапарға жіберу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 маусымдағы N 918 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың үшінші абзацындағы "12 - 20 шілде" деген сөздер "27 шілде - 11 тамыз" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов