"Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қолданыста
Басқа 0
"Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 19 наурыздағы № 45 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағы 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына және 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аманкелді ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 наурыздағы "Аудан халқының ішіндегі нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 9-6-89 болып тіркеліп, "Аманкелді арайы" газетінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 17 санында жарияланған) № 45 қаулысымен бекітілген қосымша "13. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер; 14. Жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар; 15. Толық емес жұмыс уақыты режимімен қамтылған тұлғалар:" 13. 14. 15 тармақтармен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы қауының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Хайруллинге жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ
"Аманкелді ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
__________________ М. Тобағабылов
"Аманкелді ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығының
міндетін атқарушы
________________ З. Токубаева